ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАР ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ
Тағдырдың маңдайына жазған ісін қара нардай көтеріп, еменнің иір бұтағындай мықтылық танытатын қайраты күшті, қажыры мол адамдарды көргенде қайран қалып, таңдай қағатының рас. Олар күн сайын түрлі кедергілерге тап болады. Сол үшін де еліміз кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Өңірде осы мақсатта қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде ауданда 2349 мүгедектігі бар адамдар өмір сүреді. Оның ішінде І топта – 179, ІІ топта – 732, ІІІ топта – 926 адам бар, 16 жасқа дейінгі мүгедек бала саны – 512.
– Осы жылы 894 мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдарға өтінім қабылданып, жеткізіліп берілді. Нақтылайтын болсақ, жүріп-тұруы қиын 61 мүгедектігі бар адам кресло арбамен, 61 азамат тифлоқұралдармен, 25 мүгедектігі бар адам сурдоқұралдармен қамтамасыз етілді. Ал 379 мүгедектігі бар адам протезді ортопедиялық құралдарға өтінім беріп, оның 262-сі аталған құралға қол жеткізді. 150 мүгедектігі бар адам санаторияға жолдамаға өтінім берсе, оның 49-ы порталда өздерінің таңдаған мерзімімен броньдалып, 101-і орындалды. Сонымен қатар 168 жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамға жеке көмекші қызметтері мен естуінде қиындығы бар 21 жарымжанға ымдау тіл маманы қызметтері ұсынылуда. Сондай-ақ есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 138 жалғыз басты қарт пен 100 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Үйден оқытылатын мүгедектігі бар балаларға бүгінгі күнге үйден оқытылуға 151 ата-анадан өтінім қабылданып, қаржысы тағайындалып, төленуде, – дейді сала басшысы.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жасау әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында 2,3 топ мүгедектігі бар азаматтарды еліміздегі тарихи маңызы бар Түркістанға саяхатқа, үйден оқытылатын ерекше білімді қажет ететін 30 баланы Қызылорда қаласындағы облыстық және қалалық мұражайларға экскурсияға, «Оқшы ата кесенесіне» саяхатқа алып бару ұйымдастырылған. Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтар арасында үстел теннисінен, дойбыдан, шахматтан жарыстар және таза ауада балық аулау сайысы өткізілді. Ал мүгедектігі бар балалар арасында «Бір жұлдыз боп жанамыз» атты өнер фестивалін өткен аптада «Арман» мәдениет үйінде тамашалаған болатынбыз. Алдағы уақытта халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай салтанатты кеш ұйымдастыру, ал мүгедектігі бар балалар арасында қолөнер байқауы және жаңа жылдық шырша өткізу де жоспарланып жатыр.
Айта кетейік, облыс орталығындағы «Талсуат» елді мекенінде орналасқан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығына 50 азамат жіберілген. Жыл басынан «Думан-Шиелі» ЖШС арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының күндізгі бөліміне 25 бала, 138 зейнеткер барып ем алған.
Тұрғындардың бәріне бірдей тең құқық, тең мүмкіндік қарастырылған ізгі қоғамның бір үлгісі өмір сүруге икемді инфрақұрылымынан көрінеді. Осындай игілікке қарай жылжып келе жатқан елімізде мүгедектігі бар адамдардың мүдірмей жүріп-тұруына мүмкіндік жасап жүрген инватакси қызметінің шарапаты мол. Жақсыға тез үйренуге болмысы бейім жұртымыздың ендігі тілегі – осы көлік түрі көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді. «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға бейімделу сапасы тұрғысынан пандустармен, бейімделген лифтілермен, дәретханалармен, көзі көрмейтіндерге арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етіп, жыл сайын 34 объектіні стандартқа сәйкестендіріп, бейімдеу жоспарланыпты. Тиісінше биыл жоспарланған 34 нысанның барлығы стандартқа сәйкестендіріліп, қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.
– Жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар 1 ардагерге (40 АЕК) 122,5 мың теңге, ҰОС жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған 2 ардагерге 183 мың теңге, Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар 37 ардагерге 3 млн 400 мың теңге, Семей сынақ полигонына тікелей қатысушылары мен мүгедектігі бар 30 ардагерге 2 млн 756 мың теңге, Чернобыль АЭС апатының қатысушылары мен мүгедектігі бар 26 ардагерге 2 млн 389 мың теңге, Кеңес Армиясынан мүгедектігі бар 13 ардагерге 1 млн 195 мың теңге төленді. Тәжік-Ауған соғысына қатысушы 41 ардагерге 3 млн 767 мың теңге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 2 ардагеріне 183 мың теңге, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне яғни 1 ардагерге 92 мың теңге, Ауғанстанда немесе басқа да ұрыс қимыл болған мемлекеттерде қайтыс болған әскери қызметкерлердің 1 отбасына 15 мың теңге, Чернобыль АЭС апатының салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың 3 отбасына 46 мың теңге тағайындалып төленді. Барлығы 157 адамға 14 млн 151 мың теңгеге төлем жүргізілді, – дейді сала мамандары.
Иә, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Мемлекет ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті» екенін ашып айтқан болатын. Яғни, қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, қандай да бір мемлекеттік қызмет алуда да мүгедек жандар жайсыздық сезінбеуі тиіс.
Сұлушаш МАДИЯРОВА