Қамкөңіл жандарға қолдау қашанда керек
Тағдырдың маңдайына жазған ісін қара нардай көтеріп, еменнің иір бұтағындай мықтылық танытатын қайраты кемел, қажыры мол адамдарды көргенде қайран қалып, таңдай қағатының рас. Олар күн сайын түрлі кедергілерге тап болады. Сол үшін де еліміз кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Өңірде осы мақсатта қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде ауданда 2362 мүгедектігі бар адамдар өмір сүреді. Оның ішінде І топтағы – 177, ІІ топтағы – 740, ІІІ топтағы – 1013, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 432-ні құрайды.
Жалпы ауданда бүгінгі күнге дейін 456 жеке оңалту бағдарламалары жасақталып, оның 289-ы яғни 63,4 проценті орындалды. Ал өткен жылы 1026 жеке оңалту бағдарламасы жүзеге асқан. Облыстық сараптама бөлімінің даярлаған жеке оңалту бағдарламасына сәйкес гигиеналық құралдар (жаялық, жөргек, несеп, нәжіс, сіңіргіш жайма), көздері нашар көретін мүгедектерге тифлотехникалық құралдар, естуі төмен мүгедектерге сурдотехникалық құралдар, протез қажет ететін мүгедектерге орнын толтырушы техникалық құралдар таратылды. Сонымен бірге мүгедектерге әлеуметтік такси қызметтері, 147 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне жеке көмекші қызметтері мен сөйлеуінде қиындығы бар 18 мүгедекке ымдау тілі маманы қызметтері ұсынылуда.Сондай-ақ есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 120 жалғыз басты қарттар мен 131 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Жеке оңалту бағдарламасы бойынша 100 мүгедекке Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты «Салма-Караван» санаториясына, 19 мүгедекке Көкшетаудың «Алмаз» санаториясына 14 күнге жолдама берілген. Ал облыс орталығындағы мүгедектерге арналған «Талсуат» оңалту орталығына 33 мүгедек жіберілсе, жыл басынан бері «Думан-Шиелі» ЖШС арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының күндізгі бөліміне 157 зейнеткер мен 22 балаға жолдама беріліп, қызмет көрсетілуде. Жасырудың қажеті жоқ, пациенттердің арасында «Шипажайдағы жағдай сын көтермейді» деген жағымсыз пікірлерді жиі естейміз. Осы тұста оңалту бағдарламасы бойынша шипажайлық ем-шаралардың сапасын тексеретін арнайы топ бар екендігін айта кету керек. Егер ем алушы өзіне көрсетілетін қызметтерден зардап шегіп, көңілі толмаған жағдайда республикалық деңгейде яки облыс деңгейінде Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетіне хабарласуына болады. Яғни сол уәкілетті органға хабарласып, қажетті көмегін ала алады. Айта кету керек, егде тартқан жандарға арналған тегін курорттық жолдама беру сала мамандарының міндетінде емес. Қазір оны аудандағы ардагерлер үйі қарастырады екен.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 218,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 54,8 млрд теңге бөлінген.
Иә, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті» екенін ашып айтқан болатын. Яғни, қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, қандай да бір мемлекеттік қызмет алуда да мүгедек жандар жайсыздық сезінбеуі тиіс. Оларды мақсат-мұрат қос қолтығынан періштедей демеп, алға ұмтылуы үшін аялы арман мен мемлекет қамқорлығы ауадай қажет.
Сұлушаш МАДИЯРОВА