ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІКТІ ҰМЫТПАЙДЫ ҰРПАҚТАР
Қос жауынгер, қос құрдас, құдай қосқан құда болды. Араларынан қыл өтпестен татулықта, сыйластықта болғанын дүйім жұрт жақсы біледі. Алла тағала «Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық» десе керек. Біз Шиелі өңіріне танымал қос бірдей абзал азаматтарымыз Әбілқасым Палымбетов пен Оразбай Досанов ағаларымыз жайлы сөз қозғамақпыз. Құдалар арасындағы айрықша сыйластықты, түсінушілікті, сирек кездесетін достықты осы екі майдангерден көрдік. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, екеуініңде ұрпақтары ержетіп, бойжетіп, еліне қызмет етер бір-бір тұлға болып қалыптасты.
Қай кезде көрсең де күлімдеп жүретін Оразбай ағамызды да ұмытқан жоқпыз. Тұрақты есімізде десек те болады. Өйткені менің ортаншы ұлым Жалын Әзімхан «Көкшоқыдағы» Оразбай Досанов атындағы көшеде тұрады. Үнемі ол кісі жоғары білімді экономист әрі заңгер, аталарың Әзімханның сыйлас досы болған деп айтып отырамын. Оразбай Досанов ағамыздың соғыстағы жауынгерлік жолы 1941 жылы қаһарлы шақта Мәскеу түбінен 19 жасында басталып, 1945 жылы көктем айында немістердің астанасы Берлин қаласында аяқталады. Неміс фашистерін талқандап, жеңіске жету ісіне Оразбай ағамыз да лайықты үлесін қосты. Оразбай Досанов сұрапыл соғыста Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған шайқастарда қазақ жігіттеріне тән батырлық пен ерлік көрсетті, әркез алғы шепте көрінді. Қубань, Краснодар, Киев, Львов, Житомир, Бертеч, Варшава қалаларын азат етуге қатысқан. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлерін керзі етігімен жаяулатып, жалаулатып майдан шептерінен өтті. Ол 1941-1945 жыл аралығында кіші лейтенант шенінде соғысып, солдаттарға жігер, сенім білдіріп отырды. Оразбай Досанов ағамыз Отан алдындағы борышын адал орындап, ерлігі үшін І дәрежелі және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін», «Батылдығы үшін», сондай-ақ Ұлы Отан соғысының 30,40,50 жылдық Жеңістері үшін медалімен награтталады. Сонымен қатар «СССР қарулы күштеріне 50,60,70 жыл», «Совет армиясы мен флотына 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталады.

Қырғын соғыстан аман-есен елге оралған Оразбай Досанов 1948-1949 жылдары Қазақстан Компартиясы Шиелі аудандық комитеті бірінші хатшысының көмекшісі қызметін атқарады. 1949-1959 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жауапты қызметтерде болады. 1959 жылдан 1968 жылға дейін Шиелі ауданындағы автотранспорт кәсіпорнының басшысы, сонан соң еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы, аудандық тұтынушылар Одағы басқармасының төрағасы қызметтерін адал да биік дәрежеде атқарып, халық арасында «кімсің, Оразбай» аталады. Өзінің көпшіл, ақкөңіл, қарапайым мінез-құлқымен, іскерлігімен, білімділігімен, батылдығымен халықтың ойынан шығып, құрметке бөленгенін естідік те, шет жағасын білдік те. О.Досанов 1968-1983 жылдар аралығында құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін Шымкент қаласында және Шиелі кентінде түрлі шаруашылық орындарында жемісті қызметтер істеп, халық көңілінен шыға білді. Ол көп жылғы сіңірген ерен еңбегі үшін Министрлік пен Кәсіподақ Орталық комитетінің «1979 жылғы Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен және КСРО Жоғары Кеңес Президиумының атынан 1983 жылы 28 наурызда «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. Оразбай Досанов ағамыздың өнегелі өмірі аудан халқының мәңгі есінде сақталады.
Не деген сәйкестік? Оразбай ағаның құдасы Әбілқасым ағамыз да төрт ұл, бір қыз өсіріп тәрбиелесе, Орекең ағамыз да дәл сондай ұл-қызды дүниеге алып келіп, көрнекті тәрбие берген. Топырағы торқа болғыр ағамыз 1999 жылы 30 қаңтарда дүниеден озды. Осыдан жеті айдан кейін құдасы, майдангер досы Әбілқасым да өмірмен қоштасты. Бір жылда туып, бір жылда қайтыс болу, қос құданың мәңгілік достығының, отбасылық ынтымағы мен бірлігінің айғағындай көрінеді. «Өнегелі адам өлмейді» деген содан қалса керек. Оразбай ағамыз да тірі болғанда жүз жасқа толып, ортамызда отырар еді. Әттең...
Өркен Исмаил,
Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданының «Құрметті азаматы»
Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданының «Құрметті азаматы»