Көпқабатты үйлерге көрік кірді
Жыл сайын Шиелі ауданының ажарланып, сән-салтанаты артып келе жатқаны жасырын емес. Мәселен, Республика күніне орай аудан әкімінің бастамасымен кенттегі 81 көпқабатты тұрғын үйдің 25-іне сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар қыркүйек-қазан айларында аудан кәсіпкерлері мен мекемелердің қолдауымен іске асырылуда. Ал алтын күз басталғанда орталық көшелердегі қосқабатты үйлердің сырты сырланып, көзтартарлық күйге енгені тұрғындарға үлкен қуаныш сыйлағаны рас.
Аталған жұмыстар қыркүйек-қазан айларында аудан кәсіпкерлері мен мекемелердің қолдауымен іске асырылуда. Ал алтын күз басталғанда орталық көшелердегі қосқабатты үйлердің сырты сырланып, көзтартарлық күйге енгені тұрғындарға үлкен қуаныш сыйлағаны рас.
Көп пәтерлі үйлердің сыртқы бейнесінің әрі тайып тұрғанына да біршама уақыт өткен болатын. Бұрын сол ұнжырғаны түсірген үйлердің ішкі ауласына өту де қолайсыз еді. Биылдан бастап көп қабатты пәтерлердің айналасы күл қоқыстан тазартылды. Арнайы қоқыс салатын контейнерлер қойылды. А.Байтұрсынов, С.Сейфулин, А.Яссауи, Жақаев, әл-Фараби және Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің сыртына жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оны Ленци Инвесть, Гежуба Шиелі, Шиелі Жарығы, Шиелі Жолшы, КНК Кимикал ЖШС, РУ-6, ГРП-23, Иіркөл кеніші ЖШС, Казчинур, ТТК-ШИЕЛІ мекемелері бірлесе атқарғанын айта кеткен жөн. Олар ғимараттарды жасыл, көк, сары, қызғылт түстерге бояп, сырлаған.
Сондай-ақ әрлеу жұмыстары «Арсен» дүкенінің иесі Анар Қыдырбекова, «Аян» дүкенінің иесі Қуаныш Сатиев, Әбдіғазиз Әлжанов, Бақыт Қожасов, Үсен Мырзаев сынды елге жанашыр азаматтардың көмегімен, қолдауымен жүзеге асырылды.
Ш.Тілеубаев