Дәнді-дақылдар пісті, 70 проценті қамбаға түсті
Бүгінгі күні республиканың барлық облыстары бойынша егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Ресми деректерге сәйкес, ел аумағында 11,3 млн гектарға жуық астық жиналған. Бұл жоспардың 69,8 проценті.
Өнімділікке келер болсақ, биыл дәнді-дақылдар орташа есеппен гектарына 12 центенерден өнім беріп отыр. Бұл дегеніміз өнімділік былтырға қарағанда 26 процентке артты деген сөз. Оның ішінде, майлы дақылдардың 10 проценті, яғни 337,5 мың гектары, картоптың 34 проценті, яғни 66,5 мың гектары жиналған. Ал жиыналған жалпы өнім 1,4 млн тоннадан асады. Бұған қоса ел бойынша 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналып отыр.

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ