Тұмау және ЖРВИ ауруын алдын алу
Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілерімен
сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген,
түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.
Тұмаудың белгілері мыналар - тамақ ауруы, дене қызуының
көтерілуі, бас ауруы , сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам
еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып
(отит,гайморит) ауруларына айналады.
Аурудың алдын алудың бірден бір жолы вакцинация. Жылына бір рет, күз айларында, барлық жанұя мүшелерінің тұмауға қарсы вакцина алуына кеңес беріледі. Жыл сайын біздің ауданымызда
7900 адамға ақысыз түрде егу жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындардың неғұрлым әлсіз топ өкілдері: жиі ауыратын балалар, мектеп – интернат оқушылары, жүкті әйелдер және
медицина қызметкерлері жоспарлы түрде егіледі. Профилактикалық жолына тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың
респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. Респираторлық вирустарға
қарсы тұруға жеке бас тазалығын сақтау және белсенді салауатты өмір салты
көмектеседі, соның ішінде:
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы З.Бекжанова

- Жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты және тері жамылғысының
тазалығы (тамақты шаю, мұрын қуысын шаю, қолды жиі сабындап жуу және тұрақты
шомылу шаралары); - Үйдің тазалығын сақтау – қоршаған орта әсерінен тұмау вирусы тез жойылады
(тұрақты түрде бөлмелерді желдету және ылғалды тазарту, бөлме температурасын
20-24С және ылғалдылықты 30-35% аралығында ұстау); - Көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін
пайдалану; - Денешынықтырумен,спортпен айналысу және организмді шынықтыру болып табылады.