Тазалық,тазалық, тағы да тазалық
Осы тазалық тақырыбын аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшілерінің де, туған жеріне жанашыр ардагер – ақсақалдардың да қаузағандарына көп жыл болды. Оған кент әкімін кінәлаушылар да табылады. Десе де «Жалғыз ағаш орман еместігін» ұмытпаған жөн.
«Халық айтса, қалт айтпайды» демекші, шындығында сырттан келген қонақтарға дейін: «Шиелі кенті шаңғып кетті, қоқыстар шашылып жатыр, көшелер ыбырсықтан арылар емес, отырғызған көшеттер көгермей қалды, кент ішінде қураған ағаштар көбейіпті» деген жағымсыз сөздер желдей ескені рас. «Мылтықтың атылуына шүріппенің басылуы» дөп келгендей, ауданымызға шиелінің төл перзенті әкім болып келіп, іздегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар болдық та қалдық. Бір күнде-ақ тазалықты талап ететін әкімнің бар екендігі аңғарылды. Сонан бері бір айдан асты, кент шаңнан арылып, шөп басқан көшелер тазаланып, мекемелердің айналасы реттеліп, көше тұрғындарының да, мекеме басшыларының да тәртіппен тазалыққа деген жауапкершіліктері артқандай, таза болуды сезінгендей күй кештік. «Тазалық – денсаулық кепілі». Шаңды жұта берсең, жөтел ауруы боласың, өкпең қараяды.Тазалық – бір жағы мәдениеттілік. Аулаң да, үй ішің де, көшең де, киімің де, өзің де таза болған қандай жақсы. Жалпы адамның таза жүруі мәдениеттіліктің белгісі емес пе? Ұлы Абай атамыз айтқандай «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған (шөп жегені деген шығар) хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дейді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Нұржан Ахатов аудан тұрғындарының мінезін де, ой-санасын да, олардың тазалығын да өзгертуге, түзеуге болатындығын дәлелдегендей, өз жұмысын батыл бастады. Оның игілікті бастамасын аудан халқы да, кент тұрғындары мен ардагерлер де қолдай жөнелді. Құнанбайдың Абайы: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы» депті. Ең болмаса, есігінің алдын, көшесін сыпырып жұмыс істесе, еңбек етсе, жаманшылық жасауға ол адамның қолы да тимес еді дегені шығар. Ал қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген жоқ па? Тәртіппен тазалық егіз ұғымдай. Тазалық сақтасаң – тәртіптісің. Тәртіпсіз адам қалай тазалық туралы ойлайды. Сондықтан тәртіп бар жерде тазалық болады. Тазалық бар жерде тәртіп болады. Екеуі қосылып мәдениетімізді көрсетеді. Атына заты сай, елдің бағына туған азаматтар, атаның емес, адамның баласы болып тәрбиеленген жастарымыз ауданымызда жоқ емес. Жуырда аудан әкімі кент тұрғындарымен кездесуінде жұртшылықты тазалық сақтауға шақырды.
– Шиелінің көрікті болуы да, көкке оранып әсем болуы да, тап-таза кент атануы да өзімізге байланысты. Әркім өз ауласын, жабылып көшелерін тазаласын, осыған баршаңыз жұмыла кірісіңіздер, – деді.
Бұған дейін тазалыққа қатысты өтетін мемлекеттік тендерлердің жеңімпазы сырттан келген кәсіпкерлер болған екен. Сырттың адамы біздің Шиелімізді неғылсын? Әрине, шын жанашырлық танытпайтыны анық. Биылғы тамыз айында өткен тендерді өзіміздің «Магнит» ЖШС ұтып алыпты. «Сүйінші!» десек те жарасар. Өйткені, жергілікті кәсіпкерлердің тендерлерде жеңімпаз атануы өте сирек кездесетіні белгілі. «Магнит» ЖШС директоры белгілі кәсіпкер, ауданның атпал азаматтарының бірі, аудандық мәслихаттың депутаты – Ербол Жеңсікбаев екені аян. Дұрыс болыпты. «Жаны ашымастың басы ауырмас» демекші, осындай жігіттер тұрғанда бөтендерге не жорық? Ерболға іске сәт дей отырып, кент тұрғындарына айтарын сұраған едік.
– Тазалық бәрімізге керек. Оны әр тұрғын түсінуге тиіс. Көше тұрғындары тездетіп мекемемен келісім-шартқа отырады. Көше-көшені аралайтын біздің (контролер) бақылаушы қызметкерлеріміз арқылы келсім-шарт жасауға болады. Қоқыстың қазіргі бағасы айына жан басына 98 теңге. Егер бір көше тұрғындары түгелдей келісім-шартқа отырса, біз 50-60 метр аралығында көшелерге контейнер қойып береміз. Контейнерге үйден шыққан қоқыстар ғана салынады. Құрылыс қалдықтарын әр адам көлік жалдап, қоқыс палигонына апарып тастағаны жөн. Біз контейнерлердің толуына байланысты жұмысымызды нақтылап алған соң, күнде немесе күнара контейнер тиейтін техника жіберіп қоқысты алып кетеміз. Ол үшін алдымен адамдардың санасы тазару керек. Есігінің алды аяқ алып жүргісіз болып жатып, кент тазалығына сын айтатындар да жетерлік. Оларға айтарым: «Ренжімеңіздер, өкпелемеңіздер, бірінші кезекте өз ауламызды таза ұстасақ, барлық жер таза болады». Ол рас нәрсе, кеше бір іс-шарада кездесіп қалған ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаев:
– Жаңа әкім жұмысын тазалықтан бастады, жұрт көшесін, есік алдын тазалап жатқанда ұялады екенсің. Мен де қолыма сыпырғымды алып шыға келдім. Аудан әкімінің бағыт-бағдары құптарлық, Иншалла, – деп қойды.
Алланың жолын насихаттаушы адам осылай дегеніне ішім жылып қалды. Кенттің барша тұрғындарының да ойы бір жерден шығып жатса, бір-екі жылда Шиелі кенті танымастай өзгереріне сеніміміз мол. Ол үшін тәртіпке бағыну керек. Тәртіп пен тазалық бәрімізді жақсы, таза, рахат, тамаша өмірге сүйрейді. Сондықтан да мен тазалық, тазалық, тағыда тазылық дегім келеді.
Өркен Исмаил,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Шиелі ауданының
«Құрметті азаматы»
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Шиелі ауданының
«Құрметті азаматы»