Туризм – танымалдылықтың төте жолы
Туризм саласы – экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан кейін мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған жұмыстар қолға алынуда. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызметтің бірі болып табылады. Туризмнен түсетін табыс, мұнай мен мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында. Туризмнің аясы – туристер тамашалайтын жаңа аумақтар есебінен дамитындықтан, еліміздің әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Осы бағытта ауданда да игі бастамалар жүзеге асырылуда. Біздің өңірді тамашалауға ниет білдірген азаматтар саны артып келеді. Сала бойынша ауданда орналасқан тарихи мұра «Оқшы ата» кесенесі, «Бала Сауысқандық» шатқалындағы тасқа қашалған көне суреттер, «Нартай Бекежанов» мемориалды өнер музейі, «Ыбырай Жақаев» күріш өсіру тарихы музейлерін аудан қонақтары келіп тамашалауда. Сонымен қатар, Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлінің жағалауындағы жазғы демалыс орындарына қызығушылық танытып, келушілердің қатары көбеюде.
Осы бағытта ауданда да игі бастамалар жүзеге асырылуда. Біздің өңірді тамашалауға ниет білдірген азаматтар саны артып келеді. Сала бойынша ауданда орналасқан тарихи мұра «Оқшы ата» кесенесі, «Бала Сауысқандық» шатқалындағы тасқа қашалған көне суреттер, «Нартай Бекежанов» мемориалды өнер музейі, «Ыбырай Жақаев» күріш өсіру тарихы музейлерін аудан қонақтары келіп тамашалауда. Сонымен қатар, Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлінің жағалауындағы жазғы демалыс орындарына қызығушылық танытып, келушілердің қатары көбеюде.
Аудан бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 3 жол бойы сервистік қызмет көрсету орталықтары бой көтеріп, алды өз жұмыстарын жүргізіп отыр. Атап өтер болсақ, бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған «Сығанақ» кешені «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 1956 шақырымында орналасқан. Ал 1940 шақырымында жобалық құны 400 млн 200 мың теңге болатын «Шиелі Сапаржай» жол бойы қызмет көрсету кешенінің құрылысы қолға алынып, құрылысы жүруде. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі таңда сапаржайдың іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген. Жаңа сапаржай пайдалануға берілген мезетте 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Сала мамандарының айтуынша, еліміздің мәдени-тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән берілетін болады.
Мемлекет басшысының «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,– деп өзінің Жолдауында айрықша атап өткен болатын.
Міне, бұл мәселе аудандық туризм саласында да көрініс тапса, экономикалық көрсеткіштеріміздің артатыны анық. Яғни, жоғарыда аталған орындар жайлы барлық мәліметтер электронды нұсқада болса. Кез-келген ауданға табан тіреген қонақтың назарына ұсынуға мүмкіндік болса, меймандардың қызығушылығы артатыны сөзсіз. Қолындағы ақпараттар арқылы танысып, келіп тамашалар еді. Мәселен, Оқшы ата кешені жайлы, ондағы Асан қайғы, Есабыз, Бала би, Ғайып ата, Қыш ата, Мұстафа Шоқайдың атасы Торғай датқалар жайындағы мәліметтерді жоғарыда аталғандай электронды базаға ендіріп қойса, туристер тартылар еді. Сонымен қатар, соңғы кездері Бәйгеқұм ауылындағы «Қанқожа» көлі де туристік аймаққа сұранып тұрған демалыс орны екендігі айқын. Ұзындығы 35 шақырым, ені 1,5 шақырымды құрайтын демалыс аймағында бір маусымда 30 мың адамға дейін жиналады. Қамбаш көлінен кейін үлкен аумаққа ие «Ханқожа» көлі маңында инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып, кәсіпкерлер келетін туристерге қолайлы жағдай жасаса, болашақта аймақ туризміне жаңаша серпін беретін жобаға айналатынына сенім мол.
Біз тілге тиек еткен осы орындар туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Сондай-ақ қонақжай аудан беделін жасауға туристер жиі болатын орындарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді. Аталған ұсынысымызға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі назар салып, өңір туризімін цифрландыру бағытында мейлінше мүмкіндіктерді пайдаланғаны абзал. Сол кезде, сырттан келетін қонақтар қолындағы смартфонын сипалап отырып, Шиеліге келіп қалғанын сезбей қалар.
Г.ӘБДІХАНИ