Алаяқтық азаймай тұр

Жуырда Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтан сақтандырамыз» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ауылдық округтердегі жастар істері жөніндегі мамандар, ішкі саясат және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және жастар өкілдері қатысты. Кездесуде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бас маманы Бақыт Орданова, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі Майра Оралбаева сөз алып, күмәнді жобалардан азаматтарды сақтандыру және алдын алу жөнінде баяндады.
Жасыратыны жоқ, соңғы кездері мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантты жеңіл жолмен алып беруге уәде берушілер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Сала мамандары жеке адамның сыртынан қаржы алып бере алмайтынын айтып, алаяқтардың арбауына алданып қалмауға шақырды.
С.МАДИЯРОВА