Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаштың Алматыда өтетін концертіне 36 елден тыңдармандар келеді

Димаштың Алматыда өтетін концертіне 36 елден тыңдармандар келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 шілдеде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне билет сатыла бастады.

Dimashnews.com ақпараты бойынша, алғашқы 15 минут ішінде әртістің 36 елдегі жанкүйерлері билет сатып алған. Димаш өзінің Instagram ресми аккаунтында Dears-ке алғысын жеткізіп, оларды туған елінде асыға күтетінін айтты.
Билет сатылымы басталғаны хабарланған соң 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен тыңдармандарым билет сатып алды. Бүгін – билет сатылымының екінші күні. Одан да көп қонақтар болады деп үміттенемін. Мені қолдағандарыңызға көп рақмет! Баршаңызды жақсы көремін. 23 қыркүйекте Алматыда кездескенше! – деп жазды әнші.
Димаштың Stranger концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Билеттерді мына сілтемеден сатып алуға болады.
16 шілде 2022 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031