Дәрігер – мейірімділік пен ізгілік жаршысы
Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісі елімізде медицина қызметкерлерінің мерекесі болып есептеледі. Бұл – әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-жігерін салатын әрі өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын ақ халатты абзал жандардың кәсіби төл мейрамы. Кез келген науқастың қажетті ем алып, аяқтан тұруын басты назарда ұстайтын бұл мамандық иелерінің еңбектері ерен. Мереке қарсаңында аудандық емхананың бас педиатр маманы Ділбар Брикановамен тілдескен едік. Ол жауапты қызметті 42 жылдан бері адал атқарып келеді.
– Ділбар Темірқызы, мереке құтты болсын! Әңгімемізді өзіңіз жайлы бастасақ.
– 1973ж Ташкент қаласындағы САМПИ Орта Азия Медицина-педиатрия институтына педиатрия факультетіне оқуға түскенмін. 1979 жылы бітіріп интернатураны Наманган облысындағы балалар ауруханасы базасында өткердім. 1981 жылдан бері Шиелі аудандық ауруханасында жұмыс істеймін. Қазіргі таңда жолдасым екеуміз 3 баланы дүниеге әкеліп, немере сүйіп отырмыз.
– Қазір әлемдік медицина қатерлі ісікті түбегейлі емдеп жазуда көп еңбектеніп, іргелі зерттеулер жүргізіп жатыр. Онкологиялық науқастардың өмірі ұзартылды. Ауданда балалар мен олардың аналары арасындағы бұл дерттің деңгейі қандай?
– Онкология грек тілінен аударғанда «oncos» – өскін, ісік және «logos» – ілім, яғни медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы.

Алдымен онкологиялық аурудың алғашқы белгілеріне тоқталып өтейін. Олар – бүкіл ағзаның жалпы әлсіздігі, тәбеттің болмауы, ұйқының жоғалуы, шаршағыштық, іштің қатуы, жүректің айнуы, ауыздың құрғақтануы, буындардағы, арқадағы, асқазандағы аурулар, бастың жиі айналуы, ұмытшақтық, есінен танып қалу, кенеттен салмақтың жоғалуы. Көптеген адамдар бұл белгілерді жай ғана әлсіздік пен шаршағыштық деп мән бермей жатады. Бірақ, әрдайым денсаулыққа салғырт қарауға болмайтынын есте сақтаған жөн. Мұндай белгілердің бірнешеуі анықталған кезде дереу дәрігерге бару қажет.
Казіргі таңда онкологиялық ауру жас таңдамайды. Балалар арасында жиі кездесетіні – ақ қан аурулары (лейкоз). Осы лейкоз ауруымен аудан бойынша 3 бала Д есепте турады. Туу жасындағы әйелдер арасында 118 әйел Д есепте турады. Ал жасөспірім қыздар арасында 3 жасөспірім онкологиялық аурумен Д есепте турады. Бул науқастар мамандар бақылауында тиесілі емін алып жатыр.
– Жылдың қай мезгілі болмасын балалар арасында ОРВИ, тамақ қызаруы, көкіректегі сырыл секілді симптомдар көптеп кездеседі. Бұл қалыпты ма? Әлде қандай да бір алдын алу шараларын жасауға бола ма?
– Балаларда жиі кездесетін аурулардың түрі – тұмау.
– Балаларда жиі кездесетін аурулардың түрі – тұмау.
Бұл өткір респираторлы вирустық инфекциялардың тобына жатады, сонымен қатар парайнфлюзенді қамтиды, аденовирус инфекциясы, тыныс синтезі жұқпасы, риновирус инфекциясы. Жыл сайын тұмау маусымдық эпидемия тудырады. 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар тұмаумен көп ауырады. Яғни ересек адамнан гөрі балаға тұмаудың жұғу қаупі 4-5 есеге дейін жоғары. Сондай-ақ тұмау көбінесе бронхитке қосылу, пневмония, синусит секілді асқынулармен кездеседі. Сөйтіп созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі. Сондықтан тұмау эпидемиясының алдын алу педиатрия үшін маңызды мәселе болып табылады.
Балалар арасында тұмау вирусы көбінесе ауа арқылы таралады. Одан бөлек вируспен ластанған гигиеналық өнімдер, ойыншықтар арқылы тұмауға ұшырауы мүмкін. Ауа-райының өзгеруі де балалар тұмауының өршуіне себеп болады. Жасырын вирус жұқпалы кезеңі бірнеше сағаттан 2-4 күнге созылады. Нәрестелерде тұмаудың жоғары көрсеткіші жоғары температура болуы мүмкін. 5 жасқа дейінгі балаларда – жоғары температурасы 39-40 дейін°C, ринит және жөтел белгілерімен көрініс береді. Балалардағы тұмау диагнозын жасаған кезде педиатр аурудың эпидемиологиялық деректерін және клиникалық көрінісін ескереді. Көбіне балаларды емдеу үйде жасалады. Бірақ нәрестелер мен ауыр немесе күрделі инфекция болған жағдайда жұқпалы ауруханаға жатқызу көрсетіледі. Қызу кезеңінде төсек демалысы қажет, көп мөлшерде жылы су ішу маңызды.
Балаңызға тұмауды болдырмаудың ең жақсы жолы - жыл сайын тұмауға қарсы вакцина алу, әсіресе егер ол тұмаудың асқынуымен ауыратын болса.
– Ана мен бала денсаулығы ешқашан маңызын жоймайтыны белгілі. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деген аналар өзін соңғы орынға ысырып жатады. Десе де «дені сау ана – дені сау бала» дейміз. Жалпы аналардың денсаулығын қайтсек нығайтамыз, қалай ойлайсыз?
– Дені сау анадан дені сау бала туылады.Аналарымыз оздерін 2-ші орынға қоятыны рас. Бірақта дені сау анадан дені сау бала өмірге келетінін ұмытпау керек.Сондықтан жүктілікті жоспарлау керек. Жүктілікті жоспарлау жөніндегі іс-шаралардың басты мақсаты - ерлі-зайыптыларға бақытты ата-ана болуға және дені сау баланың дүниеге келуіне мүмкіндік береді. Жүктілік өз еркімен және жақсы жоспарланған болуы керек. Мұндай тәсіл ана мен баланың денсаулығы үшін барлық қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жүктілікке дайындықты кем дегенде 3 ай бұрын бастау керек — медициналық тексеруден өту және өмір салты мен тамақтануды дұрыс ұстану керек. Қандай да бір аурулар, мысалы, жыныстық инфекциялар анықталған жағдайда, осы мерзімге емдеу уақыты қосылуы керек. Мұндай тәсілде жүктіліктің қолайлы ағымына және дені сау баланың туылуына үлкен үміт артуға болады. Осы маңызды оқиғаға дайындық бірнеше кезеңнен тұрады және олардың әрқайсысы маңызды рөл атқарады.
Біздің басты мақсатымыз, баланың өмірі мен денсаулығын қорғау, балаларға түрлі жаттығулар жасату арқылы, дене мүсінін қалыпты, сау өсіру.
– Бала болашағымыз деп жатамыз. Денсаулығы мықты ұрпақ өсіру үшін не нәрселерді естен шығарамауымыз қажет, қалай ойлайсыз?
– Сау ұрпақ өсуі үшін балаға дене жаттығулары аса маңызды дер едім. Себебі ол баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. «Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» да баланың дене бітімінің жетілуі мен жеке басының дамуына дене шынықтыру сабақтары, шынықтыру әрекеттері үлкен үлес қосып отыр. Бала дене шынықтыру сабағында жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш-жігерін шыңдай түседі. Денсаулықтарын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді, дене бітімдерін жан – жақты дамытып, келбеттері асқақтай түседі. Біздің басты мақсатымыз, баланың өмірі мен денсаулығын қорғау, балаларға түрлі жаттығулар жасату арқылы, дене мүсінін қалыпты, сау өсіру.

Ал балада туабітті ақау барын ертерек анықтау үшін туғаннан бастап скринингтер жүргізіледі.Пренатальды скрининг,психо-физикалық скрининг, офтальмогологиялық скрининг,аудиологиялық скрининг түрлері бар. Олар 0-17 жасқа дейін жүргізіледі. Ауруы табылған балалар мамандарға тексерілуге жіберіледі.
– Сұқбатыңызға рахмет.
Сұқбаттасқан Гүлхан ЯХИЯ