Ақ халатты абзал жан атанам десеңіз
Кейінгі бес жылда Қазақстанда медицина мамандарының тапшылығы екі есеге артып, 23 мыңға жеткен. Бұл туралы Есеп комитеті Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті өкілдері айтты.
Олардың айтуынша, аудит қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема мен кемшілік анықталған.
Олардың айтуынша, аудит қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема мен кемшілік анықталған.
«Біріншісі – медицина кадрларының тапшылығының артуы. Кейінгі бес жылда, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін тапшылық екі есе – 10 мыңнан 23 мыңға дейін артты. Бүгінде осы мәселені шешу лауазымдарды біріктіру арқылы жүзеге асырылып отыр. Қазір толық емес жұмыс уақытының жалпы коэффициенті 1,5-тен 2-ге дейін өзгерді. Мұның бәрі медицина мамандарына үлкен жүктеме әкеледі», – деді Катренов Есеп комитетінің отырысы кезінде.
Департамент өкілдерінің сөзіне сенсек, аудит қорытындысы бойынша дәрігерлерге түсетін шағым саны артқаны байқалған. «Бұл жоғары жүктемеге байланысты» деп түсіндірді ондағылар.
«Сондай-ақ медициналық білімі бар мамандардың шетелге кетуі жиілегені байқалады. Кейінгі бес жылда олардың саны 5 мыңға жетті. Сонымен бірге медициналық білімі бар мамандар қартайып жатыр. Бүгінгі таңда зейнетке дейінгі жастағы дәрігерлер шамамен 30 процентке жетті», – деді департамент өкілдері.
Шиеліде медицина мамандары тапшы
Расында медицина мамандарының тапшылығы Шиелі ауданында да байқалады. Мәселен, қазірдің өзінде ауданаралық ауруханаға неонатолог, балалар хирургі, аллерголог және иммунолог мамандары қажет. Айлық жалақысы да жоғары, дәлірек айтсақ 250 мың теңгеден басталады. Ал «ТОО «НҰР ДЕНТ» ЖШС мейіргерлерге (80 мың теңге) , тіс дәрігеріне (100-150 мың теңге), санитар әйел мен медицина тіркеушісіне (60-70 мың теңге), тіс дәрігеріне (100-150 мың теңге) жалақысы бар жұмыс ұсынып отыр. Сонымен қатар «Ақбөпе» жеке бала бақша-яслиі» 95 мың теңге жалақыға мейіргерлерді іздесе, «Береке» бала бақша-яслиі» дәл сондай жалақығы фельдшер, ал «ЭМИРМЕД» Ғылыми-Зерттеу Институты», «Желмая А.А.С» ЖШС-тері 60 мың теңге ақыға мейіргер мамандар қажет дейді.

Бұл дегеніміз медицина мамандығын аяқтап, жұмыссыз жүрген азаматтар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Әрі мамандар жетіспеушілігінен артық жүктемемен жұмыс істеп, шаршап жүрген ақ халатты абзал жандардың да жұмысы жеңілдер еді.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ