Баспахананың білгірі атанған
Биыл төл басылымға 84 жыл. Ғасырға жуық тарихы бар аудандық газет бүгінгі күнге дейін сан алуан соқпақты жолдарды басынан өткерді. Алынбас асуларды бағындырды, биікке ұмтылды. Әсіресе, Кеңестік кезеңде баспасөз беделі айрықша мәртебеге ие болды. Мұның барлығы шығармашылық ұжым мен баспа қызметкерлерінің еселі еңбегінің жемісі еді. Сол Кеңестік жылдарға дейін, одан кейін де газет өндірісінде еңбек еткен жандардың көбі қазір ортамызда жоқ. Десе де, олардан қалған сара жол кейінгі ұрпаққа өнеге болып қала береді. Бүгін біз еңбектің нағыз ортасында жүріп, уақытпен санаспай қызмет еткен Қуандық Мақашұлының баспаханда өрілген өмірі жайында сөз өрбітпекбіз.
Тарихы тереңнен сыр шертетін «Өскен өңір» газетінде қаншама адамның қолтаңбасы сақталды. Осынау қиыр-шиыры мол жолда редакциядан небір «мүйізі қарағайдай» қаламгерлер, түпсіз тереңнен сөз маржанын терген ақын-жазушылар шыққаны белгілі. Солардың ішінде көзге көріне бермейтін баспа ісінің білгірлерлерінің еңбегін елемей кету мүмкін емес. Бүгінде аудандық газет редакциясы жанындағы баспахананың болғанын көзі көргендер болмаса, кейінгі толқын жастар біле бермейді. Сондықтан да баспахана ішінде әр газеттің сапалы шығуына бар ғұмырын арнаған Қуандық Мақашұлының еңбек жолына аз-кем шолу жасағанды жөн көрдік.

Кейіпкеріміз Қуандық Мақашұлы 1949 жылы Шиелі кентінде дүниеге келген. Сонау 1969 жылдың шілдесінен бері «Өскен өңір» баспаханасында еңбек етті. Сол кезде Қуандық ағамыз «ПП-45» краскоз машинасымен газетті күндіз-түні шығаруға атсалысатын дейді көзкөргендер. Тіпті істен шыққан машиналарды қайта жөндеп, техниканың тілін тез таба қояды екен. Содан 1970 жылы Ленинград полиграфия зауытында алты ай оқып келіп, саналы ғұмырының 28 жылын аудан баспасына арнайды. Тынымсыз бейнеттің зейнетіне 2012 жылы жетеді.
Баспахананың білгірі атанған Қуандық аға 2022 жылы 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Әрине, өткенсіз бүгін жоқ. Бүгінсіз ертеңді көз алдыңа елестете алмайсың. Демек, өткенді бірге бағындырған әріптестерді кейінгілерге айту, есімін еске алу тірілердің парызы.
Адам болмысында бекзаттық, дегдарлық қасиеттің болуы өмір деген ұлы өзенде көкірек көзін ашып жүрумен тікелей байланысты болса керек. Ауыл адамдарының ішкі жан толқынысын алаулата бедерлеп, асқақтата суреттейтін әлем классигі В.Распутин осылай топшылайды. Сол айтылғандай, өмірдің талай кезеңінде адамдық асқақ болмысын айшықтай білген Қуандық аға отбасында да асқар тау әке, асыл жар ретінде үлкен құрметке ие бола білді.
Ш.Тілеубаев