Жаңа қазақстанның тұрғындары жаңалықты газеттен оқи береді
Газеттің пайдасы көп. Тек біреуін ғана айтайын. Газетті бүгін ешкім оқымады делік. Оқымасын! Десек те, сол газеттің әр данасы кітапханаларға, мұрағатқа тіркеліп, әр күн сайын ауданның тарихы қатталуда.
Басқаны айтпай-ақ қояйын, мынау іргедегі қытай мен орыстың бізден мықты болуының бір себебі жазба деректерінің, жазба құжаттарының көп болуында емес пе еді? Кейбіреулер деректі интернетке-ақ жазамыз деуі мүмкін. Оның сақталуын қамтамасыз ете аламыз ба? Газет тек тарих үшін қажет деп бір жақты ғана ойлап қалмаңыздар. Газет деген түсінген адамға заңдық күші бар құжат. Газетпен шыбынды да, шенеунікті де өлтіруге болады.
Басқаны айтпай-ақ қояйын, мынау іргедегі қытай мен орыстың бізден мықты болуының бір себебі жазба деректерінің, жазба құжаттарының көп болуында емес пе еді? Кейбіреулер деректі интернетке-ақ жазамыз деуі мүмкін. Оның сақталуын қамтамасыз ете аламыз ба? Газет тек тарих үшін қажет деп бір жақты ғана ойлап қалмаңыздар. Газет деген түсінген адамға заңдық күші бар құжат. Газетпен шыбынды да, шенеунікті де өлтіруге болады.
Газет мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізеді. Үкімет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, жаңалықтар жиі орын алып жатады. Мемлекеттен айлық алып отырған бюджеттік сала мамандарына газетті міндеттеп жазғызудың бір себебі сол қабылданған бағдарламалармен танысып, мән-жайына қанығып отыруды көздесе керек. Тек ақпараттар ғана емес, жергілікті газетте аудан көлеміндегі орын алып жатқан оқиғалар, проблемалар мен тәрбиелік маңызы бар мақалалар да жарияланып отырады. Газетке 6 айға жазылудың құны небәрі – 2500 теңге. Қазір сол ақшаға не істей аласыз, айтыңызшы? Әйелдер тырнаққа әрі кетсе 1 ай тұратын маникюр жасатуы мүмкін. Не сапасы орташа бір құты шарап алып, әп-сәтте тауысып қоясыз. Ал сол ақшаға газетке жазылсаңыз 6 ай бойы үйіңізге келіп тұрмай ма? Әзіл, әрине.
Қазір бюджеттік сала мамандарының жалақысы жаман емес. 2500 теңгеге газетке жазып қойды деп әлем желіге жар салып, айқайлау әбестік болады. Тағы да айтамын, газетке 6 айда бір рет жазыласың, 6 ай бойы мерзімді баспасөз үйіңізге келеді. Кешігіп болса да бір жаңалық яки хабарды оқисыз. Бұл бір. Екіншіден өркениеті әлдеқашан дамып кеткен АҚШ пен Еуропа елдері әлі газет пен журналды жойған жоқ, жоймайды да. Біздің халықтың бәрі фейсбук қарап, газеттердің сайтын оқып, жаңалыққа қарық болып жатыр деп айтуға келмейді. Сосын, газеттен тек жаңалық оқылмайды. Онда әр қилы айдар бар. Солардың есебінен газеттегі материалдар толықтырылып отырады. Ал газет-журнал оқу мен оқымауды таңдау – әр адамның еркі. Газет қызық емес, интернеттен қарап аламын, дегендердің бірнәрсені қарап, ақпараттың шынайы екеніне көз жеткізіп білетініне шүбәм бар.
Аудан тұрғындарының көпшілігі редакцияны іздеп барып, хат жазып, хабарласып, арыз-шағымын, енді бірі алғысын айтып жатады. Әр нөмірге пікірін білдіріп отыратын «ардагер» оқырмандарымыз да бар.
Кезінде комбайн пайда болған тұста енді орақтың қажеті болмай қалады дескен. Сөйткен орақты әлі күнге пайдаланып жүрген жоқпыз ба? Орақтың пайдасы болмай қалады деген сол кездегілердің сөздері бұл күнде теріске шығып отыр.
Сондықтан жылына екі мәрте газетке жазылғанның пайдасы болмаса, зиянын көріп тұрған жоқпын. 2500 теңгеге ешкімнің қалтасы қағылып қалмас.
Өркен Исмаил,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі