Саяси өзгерістің бастауы
Республикалық референдумды өткізуге қатысты жасақталған өңірлік қоғамдық қолдау штабының мүшелері ауылдарды аралап, жұртшылықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кезекті кездесу №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы мен №127 Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейі қызметкерлерімен және кент тұрғындарымен өтті. Спикерлер жергілікті тұрғындарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайында жан-жақты баяндап, сауалдарына жауап берді.
Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде өткізілмек. Бұл — мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата Заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. Нақтылап айтсақ, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі.Мәслихаттардың ықпалын арттыру арқылы сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік жасалады. Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады. Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата Заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалуда.

Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, негізгі заңның 6-бабын мынадай редакциялауға беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі». Міне, осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды деп түсіндірді штаб мүшелері. Аудандық әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Ыханова, облыстық «Атамекен» палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі, Қазақстан Іскер Әйелдер Ассоцациасының Шиелі аудандық басқарма төрағасы, жеке кәсіпкер А.Әбдіқадырова, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті бас редакторының орынбасары Г.Дүйсебай бастаған штаб мүшелері тұрғындардың сауалдарына жауап қатып, жалпыхалықтық референдумда белсенділік танытуды сұрады.
А.Асанов