СОҒЫСТАҒЫ САНДАР СӨЙЛЕСІН
Соғыс 1418 күнге созылды
Ұлы Отан соғысы 1941 жылдың 22 маусымында басталды. Ол 3 жыл 10 ай және 18 күнге немесе 1418 күнге созылды. Ұлы Отан соғысындағы ең ұзақ шайқас 1126 күнді құраған Ленинград шайқасы болды. Оның ішінде қала 871 күн қоршауда болды.

Соғыста 26,6 миллион адам қаза тапты
Соғыс біткеннен кейін Сталин барлық ұрыс операцияларында қайтыс болғандар саны 7 миллион адам деп ресми деректі жариялады. Ал соғыста қаза тапқан тұрғындардың нақты санын есептеу 80-жылдар аяғына таман басталды. Дегенмен қанша адам өлгені әлі күнге дейін белгісіз. РФ Қорғаныс министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО құрбандарының саны шамамен 26,6 миллион деп келтірген. Оның 12 миллиондайы әскерилер. Ал ресми емес мәліметтер бойынша соғыс құрбандары 43 миллион адам шамасында.

Қаза болғандарды, жарақаттардан көз жұмғандардың басым бөлігін ер азаматтар (20 млн жуық) құрайды. Жалпы 1945 жылдың аяғына қарай, КСРО-да 20 жастан 29 жасқа дейінгі әйелдердің саны сол жастардағы ер азаматтардан екі есе артық болған екен.
КСРО байлығының 30% шығындалды
Ресми мәліметтер бойынша шығын соғысқа дейінгі бағамен 2,5 триллион сомнан асады. Ол КСРО ұлттық байлығының 30%-тей бөлігін, ал оккупаццияланған аумақтарда 65% бөлігін құрады. Ұлы Отан соғысы кезінде 1710 қала, 70 мыңдай ауыл толығымен қираған.

1 миллионнан аса адам «Берлинді алғаны үшін» медалімен наградталды
Награданың басым бөлігі соғыс аяқталғаннан кейінгі үш жыл ішінде табысталған. Әскери қызметкерге медаль өзі қызмет етіп жатқан әскери бөлімде немесе тұрғылықты жеріндегі әскери комиссариатта берілді. 1951 жылға дейін награда иесі қайтыс болған жағдайда медаль мен оның куәлігі мемлекетке қайтарылып келді. Кейіннен қайтыс болған адамның наградасы туыстарына ескерткіш ретінде қалдырылатын болды.

17 жыл бойы Жеңіс күні мерекесі тойланған жоқ
Ең алғашқы Жеңіс күні 1945 жылы 9 мамырда аталып өтті. Ол ауқымды шара болғанымен қазіргі мерекелік шарамен салыстыруға келмейді әрине. Ал Қызыл алаңда өтетін дәстүрге айналған әскери парад 1945жылы 24 маусымда ұйымдастырылды. 1947 жылға дейін 9 мамыр жұмыс күні болып есептелмей, концерттер өткізіліп, салюттер атылды. Ал одан соң Жеңіс күнін алып тастап, бақандай 17 жыл бойы қалыпты жұмыс күні болып саналды. Мұнан кейін ауқымды түрде 1965 жылдан бастап аталып өте бастады.

Левитанның басы 250 мың неміс маркасына бағаланды
Атақты диктор Юрий Левитан Ұлы Отан соғысы символдарының біріне айналды. Оның дауысы Кеңес Одағы халқының жауынгерлік рухын көтеруші болғаны Вермахтың басшылығына тіптен ұнаған жоқ. Сондықтан да диктордың басы үшін 250 мың марка сыйақы тағайындалды. Кеңестік билік Левитанның қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп, оның бет әлпеті туралы ақпарат құралдары арқылы теріс ақпарат беріп отырды.

30 минутта 22 танк
Соғыс кезінде 1 танк дивизиясының аға лейтенант Зиновий Колобанов басқарған «КВ» танк экипажы ерекше рекордқа қол жеткізді. Құрамында 5 танк бар лейтенант Коланов басқарған рота алдында Ленинград бағытындағы үш жолда тосқауыл жасау міндеті тұрды. Ұрыс басталғаннан кейін жарты сағат өткенде немістер 43 танкісінен айырылды. Оның 22-сін Колабановтың өзі отырған танктің танкистері өртеп жіберді. Бұл ерлік соғыстар тарихындағы ең нәтижелі ұрыс ретінде Гиннес кітабына енгізілді.

80 мың офицер әйел
Ұлы Отан соғысы кезіндегі әйелдердің рөлі айрықша болды. Бүкіл соғыс кезеңінде майдан даласында қолына қару алып шайқасқа түскен әйелдердің саны 600 мыңнан 1 миллионға дейін жетті, оның 80 мыңы офицер болды. Майданға өз еркімен сұранған әйелдерден авиация полктері, атқыштар мен барлау бригадалары, моряк әйелдер роталары құрылды. Соғыс кезінде 87 әйелге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Әскерде 60 мың ит пен 350 әскери түйе қызмет етті
Ұлы Отан соғысында жан-жануарлардың маңызы айрықша болды. Майдан далаларында соғыс кезінде 60 мың ит қызмет етті. Олар жау эшалондарын, құртып, 300-ден аса бронетехникаларын жарып жіберді және 200-ден аса шұғыл хабар жеткізді. Сапер иттер 300-ден аса елді мекенді миналардан тазартуға үлес қосты. Онан бөлек иттер ұрыс даласынан жаралы жауынгерлерді госпиталға тез жеткізуге көмектесті. Джульбарс есімді ит «Ерлігі үшін» медалімен наградталған жалғыз ит болды. Ол 7468 мина мен 150 снаряд табуға көмектесті. Жаралы итті Мәскеуде 1945 жылы 24 маусымда өткен Жеңіс парадында алып өтті.

Астраханда жабдықталған 28-резервтік армия Сталинград шайқасына қатысып, олар пушкілерді және азық-түлік тасымалдауға түйе пайдаланды.
Автомобиль мен жылқы жетіспеушілігіне байланысты жауынгерлер жабайы түйелерді ұстап, оларды қолға үйретті. Ал Мишка және Машка деп аталған түйелер солдаттармен бірге Берлинге дейін жетіп, соғыс аяқталған соң сондағы жергілікті зоопаркке берілді.
4 вагон мұртты көмекшілер жеткізілді
Мысықтар соғыс кезінде окоптарда өмір сүріп, ондағы егеуқұйрық, тышқанмен қоректенді. Олардың ролі Ленинград блокадасы тарихында айрықша болды. 1943 жылы блокаданы бұза салысымен азық-түлік, қажетті заттармен бірге қалаға Ярославль қаласынан 4 вагон мысық жеткізілді. Ленинградта болған аштықтан кейін қалада егеуқұйрық көбейіп кеткен болатын Адамдардың оларды құртуға шамасы жетпеді. Бірақ бұл істі мысықтар жақсы атқарды. 1945 қалаға тағы да 5 мың мысық алып келді. Бұл жолы олар Сібірден жеткізілді.

Бүгінгі Санкт-Петербургте мұртты көмекшілерге арнап ескертіш орнатылған. Ал Тюменде 2008 жылы «Сібір мысықтары сквері» ашылды. Ол блокадада болған Ленинградты егеуқұйрықтан тазартуға атсалысқан мысықтар құрметіне осылай аталған еді.
1 млн-нан аса қазақстандық соғысқа аттанды
Қазақстанға келер болсақ, әскери мекемелердің ресми мәліметтеріне сәйкес, елімізде соғыс жылдарында 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге тарта полктер мен батальондар жасақталған Ал майданға 1 млн200 адамнан 1 млн 400 мың адамға дейін аттанған. 600 мыңға жуық отандасымыз соғыстан оралмады (олардың 125 мыңнан астамы хабар-ошарсыз кеткендер). Ресейдің әскери деректеріне көз жүгіртсек, Ұлы Отан соғысында 126 мыңға жауық қазақ жауынгері қаза тапқан. Бұл, Қызыл армияның жалпы әскери шығынының 2 процентін құрайды екен.

Дайындаған Г.СӘБИТҚЫЗЫ