ӘСКЕР ӘЛІМЖЕТТІК ӘЛЕМІ ЕМЕС
Әскерге барып, борышын өтеу – әр ер азаматтың отан алдындағы міндеті. Алайда, соңғы уақытта құлақ қаққан жаңалықтардың басым көпшілігі отан алдындағы борышын өтеуге барған сарбаздардың ауру күйінде, енді біреулері психикалық ахаулармен, тіпті жұмбақ өліммен оралып жатыр деген жантүршігерлік жағдайдарды жиі еститін болдық.
Сарбаздар қалай іріктеледі?
Саптағы сарбаздарды іріктеу – ең маңызды кезең. Сол үшін өкілетті орган әскерге шақырылушылардың деректерін қарап, азаматпен және оның ата-анасымен барынша әңгімелеседі. Соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, тергеуде жүргені, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің немесе дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшесі ретінде арнайы есепте тұрғандығы да мұқият тексеріледі екен.
Болашақ сарбаздың денсаулығы да ерекше қаралады. Әскерге шақырылғандар алдымен 11 дәрігердің тексеруінен өтеді. Жарамдылықтың 6 санаты бойынша әскерден босатуға жататын аурулардың тізімі бар. Мысалы, туберкулез, көз ауруы, қатерлі ісікпен және басқа да аурулармен ауыратын адам әскерге мүлдем жарамсыз деп танылады. Осы іріктеуден өте алмаса, онда олар Отан қорғау міндетінен босатылады. Ал ауруы емделетін болса, әскерге шақыру мерзімі кейінге шегеріледі. Әскерге шақырылғандардың психологиялық ауытқушылығы сарбаз болғанға дейін әбден тексерілетіні тағы бар. Себебі саптағы сарбаздың дене дайындығы ғана маңызды емес. Алдағы сынаққа сынып түспейтіндей психологиялық дайындығы да мығым болуы шарт. Әйткенмен әскери мамандардың мың тексерісі мен сан сауалынан мүдірмей өткен жігіттердің жыл өтпей-ақ өз-өзіне қол салып, өмірінен күдер үзетіні күмән туғызады.
Әлімжеттіктің бастауы әріде
Негізінен әскердегі әлімжеттік өткен ғасырдың екінші жартысында өршіген. Бастапқыда Ұлы Отан соғысынан оралған майдангерлердің біразы әскер құрамында қалып, жеңістен кейін шақырылған жас буынға аға болып, ұрыс жүргізу тәсілдеріне баулыған, темірдей тәртіп орнатқан. Артынша, 1960 жылдары олардың орнын басқан соғыс көрмегендері де бұл дәстүрді қабылдап, өз білгенінше бұрмалап, жаңа шақырылғандарға әмір етудің бейресми қағидасына, жазылмаған заңдылығына айналдырып жіберген. Себебі ол кезде азаматтар 3 жыл бойы әскери қызметтен өткен. Нәтижесінде, жаңа ша-қырылғандар жеткенше, бұрын кіріскендер «қартайып» қалады: олар өздерін әбден ысылған, тісқаққан жауынгер санап, командирлер рұқсатымен жас сарбаздарға көрген-білгенін үйретеді. «Сабақ» үстінде зорлық әдістері де қолданылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан әскердегі әлімжеттікпен күрес мақсатында өз Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақыру уақытын 12 айға дейін азайтып тастады. Бірақ жағдайдың түзелгені шамалы сыңайлы. Өйткені бүгінгідей жауынгерлердің өз-өзіне қол салуы Қарулы Күштерде әлімжеттік тамырына балта шабылмағанын көрсетеді. Мысалы, Айқын газетінде жарияланған деректерге сәйкес 2010 жылы әскерде 17 суицид оқиғасы тіркелсе, 2011 жылы бұл сан 21-ге дейін өскен. Бұдан бөлек, 2015 жылы – 11, 2016 жылы – 6, 2017 жылы 6 жауынгер өз өмірін өзі қиған.
Сол басылым келтірген тағы бір деректерге сүйенсек, соңғы 5 жылда Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда 23 суицид тіркелген. Оның ішінде құқыққа қарсы іс-әрекеттердің 4 дерегі ашылған. Ал қалған жағдайларда сарбаздар арасындағы суицидтің себептері отбасылық және жеке проблемалардан туындаған көрінеді. Мерзімді әскери қызметшілермен әскери бөлімді өз бетімен тастап кету фактілерімен 2018 жылдан бастап бес жағдай тіркелген. Бірақ әскери прокурорлар оны да әскери әлімжеттіктен емес екенін жеткізеді. Статистикаға сүйенсек, соңғы он жылда 200-ден аса әскери өз-өзіне қол жұмсапты. Бұл дегеніңіз – жыл сайын 20-дан аса отбасы Отан алдындағы борышын орындауға кеткен оғландарынан айырылып, қайғыдан қан жұтатынын көрсетеді.
Сау барып, ауру болып келді
Былтыр қалтқысыз қызмет етуге кетіп, отбасына ауру болып оралған Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны Ренат Жеткергенов жұрттың есінде. Осы оқиғада да әскери мамандардың тексерісінен толықтай өткен сарбазды Отан алдындағы борышын аяқтауға 8 күн қалғанда бөлімше әскерилері үйіне ауру қалпында әкеліп тастаған. Жақында ғана Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың қазасы қалың жұрттың қабырғасын тіпті қайыстырып жіберді.
Қазір әскерге шақыру науқаны басталды дегенді естіген ата-аналардың түн ұйқысы төрт бөлінетін болған. Әскерге жарамды ұлдарының бас амандығын ойлаған олардың да жайын түсінуге болады. Өйткені ауық-ауық әскердегі әлімжеттік, соңы суицидпен аяталып жатқан ақпаратты көз көріп, құлақ естіп жүр. Бұрын сарбаз болу жас жігіттің арманы еді. Қыздар да сарбаз атанбаған азаматтың етегінен ұстауға асықпайтын. Ал қазір әскер деген сөзді естігеннен елдің төбе шашы тік тұрады. Өкінішті...
Тәртіп те тәрбиеге келіп тіреледі
«Қазір көп отбасында ұл баланы тәрбиелеуді босаңсытып алдық» деген пікірді алға тартатындар да бар. Сарбаз арасындағы суицидтің болуы отбасындағы тәрбиеге байланысты-мыс. Мүмкін ол да тәрбие тізгіндеуді мықтап қолға алу керек те шығар. Бірақ біздіңше алдымен әскердегі бақылауды күшейту керек. Ең дұрысы – бақылау камераларын орнатып тастау. Қазір техниканың дамыған заманы. Камера орнатқаннан басқа амал қалмаған сияқты. Қазақ «Ел барда – ер қор болмас» деген. Алайда айдың-күннің аманында ұлынан айырылып қалудан қорқатын ата-аналар баласын әскерге жібергесі келмейтіні анық. Сондықтан әскердегі әлімжеттікті жедел жойып, сарбаздар Отан алдындағы борышын адал орындаса игі.
Шетелде
Дамыған елдер де әскердегі әлімжеттікті жеңе алмай келеді. АҚШ-та оны «hazing» немесе «bullying» деп атайды және ол жас жауынгердің денесі мен жүйкесін құрыштай шынықтырудың бір тәсіліне, қатал сынақ түріне жатады. Мәселен, жаңа шақырылғандарға намысқа тиетін лақап ат тағу, таң атпай ұйқыдан ояту, еш себепсіз жер-жебіріне жету, бірнеше күн тамақ татырмау қалыпты саналады. Әлсіздері сынға шыдамай, сынады. Соның кесірінен өзіне қол жұмсағандар саны да артуда. 2018 жылы Америка Қарулы Күштерінде 325 әскери қызметші өзін-өзі өлтірген. 2017 жылы оларда 285 суицид оқиғасы тіркелді. Тарихшылар қазақ армиясында ежелден «дедовщина», яғни тәжірибелі жауынгерлердің бозбалаларға тізе батырып, күн сайын қорлау оқиғалары болмағанына екпін түсіреді. Өйткені Ұлы далада тұрақты әскери қосын-базалар тұрғызылмады: соғыс-шайқас біткесін, жаудың беті тойтарылып, жеңіске қол жеткесін, батырлар өз қолын ертіп, ауылдарына тарасатын болған.
Әскер – темірдей тәртіпке бағындырып, болаттай берік болуды үйрететін мектеп. Десек те, қатал тәртіптің өзі шектен шықпауы керек. Бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауы тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ