Жылқы – малдың патшасы
Бағзы замандардан төрт түлік мал өсірумен айналысқан қазақ жылқыны аса қадір тұтып, «жылқы – малдың падишасы» деп қастерлегені белгілі. Өйткені халқымыз жылқыны мінсе көлігі, ішсе тамағы ғана емес, оны қандай да болсын той-думан, мерекелерде көңілін көтеретін түлігі санатында ұстады, әспеттеді. Ұлттық спорт ойындарының көпшілігі аттың қатысуымен өткендіктен де жорға-жүйріктерін, тұлпарларын аялап, баптап, әңгімелеріне арқау етіп, ән-жырын арнаған. Одан бөлек оның еті мен сүті де көп аурларға шипалы болды. Қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі ең пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін білді. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатынын анықтаған. Сонымен бірге жылқының жалғыз еті ғана емес, бие сүті – саумалдың емдік қасиеті мол екендігін де айтады. Әсіресе бірінші рет құлындаған, яғни, қулық биенің сүті сақа биелерге қарағанда әлдеқайда қуатты болады екен.
Мәселен, жылқы етінің ең басты қасиеті жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніміз қартаймаудың басты қағидасы. Сонымен қатар жылқының жүрегін жеу ми қызметін жақсартады. Мидағы миллиондаған жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетіне жауап беретін талшықтарға көмек береді. Мамандардың айтуынша жылқы етін тұрақты жеу мидың ұзақ уақыт «мүлтіксіз» қызмет көрсетуіне септігін тигізеді. Ол үшін жылқы жүрегін пісіріп, не қуырып жеу керек. Ал қақталған сүр ет бүйрек жұмысына пайдалы. Сүрленген етті әбден пісіріп, сүтпен бірге қабылдау бүйрек пен несеп жолдарына оң әсерін тигізеді. Одан қалды бие сүті А, С, В1 дәрумендеріне бай. Оның минералдық қасиеттері 12 сағатқа дейін жойылмайды. Қысқасы, бие сүтінде адамның денсаулығына керекті барлық витаминдер бар. Біз жылқының қадір-қасиетін бекер тізбектеп отырғанымыз жоқ. Ортақшылдық жас кәсіпкер Нұрымжан Әлмаханұлы дәл осы жылқының кереметін жақсы біледі. Сондықтан да жылқы өсіріп, жүйелі іске көшкен.

Негізінен Ортақшыл ауылы тарысымен ғана емес, кәсіпкерлік саласындағы жұмысымен де көпке үлгі болуда. Ауылда кәсіпке ден қойып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатары күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі таңда Ортақшылда 1400 адам тұрады. 2017-2021 жылдар аралығында 26 шаруа қожалығы, 48 жеке кәсіпкерлік субъектісі іске қосылған. Алақандай ауылдың негізігі табыс көзін егін және мал шаруашылығы құрайды.
Кейіпкеріміз Нұрымжан Қынатов 2000 жылы Ортақшыл ауылында дүниеге келген. Бала күнінен жылқының жалын тартып мінген ол әкесінің қасында жүріп, талай нәрсенің сырын ұқты. «Адамды адам еткен еңбек» деген сөз оның өмірлік ұстанымына айналған. «Егін ексең, шығарыңды майла, мал өсірсең, қонысыңды сайла» деген бабалардан қалған сөз бар. Ол осы сөздерді қаперге іліп, өз ісін жүзеге асыруға күш салды. Алдымен өз үйінің ауласынан малға жайлы етіп қорасын салды. Осылайша жас жігіт кәсіп ашып, жылқы басын көбейтуді мақсат етті. Содан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы арқылы, арнайы сертификат иеленді. Кейіпкеріміз Нұрымжан небәрі 20 жасында осы бағдарлама арқылы 583400 теңгеге қол жеткізген. Алған қаражатына 2 тай алады. Бүгінде ерінбей еңбектенгеннің нәтижесінде жылқының басын 13-ке жеткізген. Алдағы уақытта жылқының санын көбейтуді көздеп отыр. Одан бөлек ат баптап, көкпарға сәйгүліктерді қосып жүр.
– «Мал баққанға бітеді» деген сөздің жаны бар. Түліктер де бапты, күтімді, жағдай жасағанды қалайды. Көкпар атын қажетті мезгілде көкке аз аунатып, күйі қалыпты болғанда көк тістетпеген жақсы. Көкпардың атын, яки, тұлпарды баптау үшін ең бірінші тұқым, енесі дұрыс болуы керек. Тай шыққан соң мінезі біліне бастайды. Сол сәтте мініп айналма көкпарға салып байқайсыз. Анық көкпардың атына тән қасиеттері біліне бастаса, қырық күн шілдеге отырғызасыз. Яки қырық күн орнынан қозғамай жем-су беріп қамайсыз. Осы уақытта жылқы қазы жинайды. Одан кейін суытасыз. Мысалы, шілденің басында отырған жылқы, тамыздың онына таман шығады, – деген Нұрымжанның сөзінен жылқыға деген ерекше күтім байқалады. Көкпарды оза шабу аттың жүйрік те, төзімді болуына, шабандоздардың шеберлігіне байланысты, әрине. Сондықтан олардың жем-шөбінің құнарлылығы мен сапалық жағына аса мән беріледі. Осылайша қорасындағы құлыннан бастап, сәйгүлігіне дейінгі күтімді түсіндіріп шыққан жас кәсіпкер, бұл күнде өз ісінің маманына айналған. Алдағы уақытта Қамбар ата түлігінің санын арттырып, кәсібінің көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр.
Шапағат ТІЛЕУБАЕВ