Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨКТЕМГІ ЕГІСТІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ

КӨКТЕМГІ ЕГІСТІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ





К
өктемгі егістік жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру жөніндегі 262-бюджеттік бағдарлама аясында 60 миллиардтай қаржы бөлініп отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысында өткен баспасөз маслихатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев баяндады.
«Жыл сайын көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру жөніндегі 262-бюджеттік бағдарлама аясында 60 миллиардтай қаржы бөлініп отыр. Үстіміздегі жылы өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыруды бір айға ертерек, яғни қаңтар айында бастадық, ал өтінімдерді қабылдау өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Өтінімдерді осыншама қысқа мерзімде мақұлдау және қаржыландырудың белсенді қарқынмен өтуі шаруаларға тұқым, гербицид, қосалқы бөлшектер мен егістік ауқымы үшін пайдалы басқа да тауар мен қызметтерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр», - дейді Нармұхан Сарыбаев.
Сонымен қатар, корпорация ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кредиттеуді үш арна бойынша жүзеге асырып жатқандығын атап өтті.
«Кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде микроқаржы ұйымдары және тікелей қаржыландыру жатады. Кредиттеу мерзімі – 2018 жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі – жылына 6 пайызға дейін», - деді Н. Сарыбаев.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі фейсбуг парақшасынан.
08 сәуір 2018 ж. 2 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031