Талқылаудың тиімділігі көп
«AMANAT» партиясы Қоғамдық саяси институтының базасында саяси диалогтың жаңа мәдениеті стандарттарын қалыптастыруға бағытталған және партияны трансформациялау бағдарламасы тармақтарының бірі «TALQYLAU» жаңа диалог алаңы алғашқы отырысын бастады.Алаң Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналып, негізгі уақыты пікірталас пен ой бөлісуге арналды. Оған спикерлер де, залдағы қонақтар да белсенді қатысып, Жолдауда қамтылған реформалардың, олардан туындайтын міндеттердің маңыздылығы туралы өз ойларын ашық, еркін түрде жеткізді. Сонымен қатар, онлайн-қатысушылар аудитория ауқымын арттырды және өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.
А.ОҢҒАРБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты
https://aqmeshit-aptalygy.kz








