Қазақстандықтар саны көбейді
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ел халқының саны 19 млн 160 мың 700 адамды құрады, оның ішінде қалалық – 11 млн 405 мың (59,5%), ауылдық - 7 млн 755,7 мың (40,5%) адам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2021 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 243,5 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.
Бұл ретте әйелдер - 51,4%-ды, ерлер - 48,6%-ды құрайды.
«2022 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда (42,1 мың адам) 15,1%-ға төмендеп, 35,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 11,50 адамды құрады», делінген Ұлттық статистика бюросының деректерінде.
АХАТ органдарының деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 62,8 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,5%-ға аз (65,7 мың адам).
Қайтыс болғандардың саны 27,1 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға (23,7 мың адам) қарағанда 14,4%-ға артық. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,70 өлімді құрады.
Сонымен қатар жыл басынан бастап екі айда 1 жасқа дейінгі 537 шетінеген нәресте тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (517 сәби қайтыс болған) балалар өлімі 3,9%-ға артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туылғанға 8,55 жағдайды құрады.
https://egemen.kz