Жансейітте жан бағу қиын
Ауылдың құмында туып, суын ішкен әрбір адам туған жерінің түрленіп, өсіп-өркендеуіне үлес қосуды мақсат-міндеті деп санайды. «Ауыл – ел бесігі» деп бағамдайтын бүгінгі қоғам ауылдық жерлердегі мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Сондықтанда Иіркөл ауылдық округіне қарасты Жансейіт елді мекенінің тұрғыны ретінде менде өз базынамды жеткізгенді жөн көрдім.
Жансейіт елді мекеніне 1981 жылдың наурыз айында 5 отбасы Өзбекстаннан қоныс аударып келген болатынбыз. Ол кезде бұл ауыл арнайы мал бордақылау алаңы болып құрылған еді. Жұмыс қолы тапшы. Сол себепті ауданнан бірнеше отбасы көшіп келіп, жаңа үйлер соғыла бастады. Кейіннен колхоз, совхоздар малдарын осы жерде бордақылап, жем-шөбін тасыды. Сол кездері елді мекенде 4700-ге дейін ірі қара мал басы болды. Халық та толықтай жұмыспен қамтылды. Бірақ осы ауылда түтінін түтеткен отбасылардың басындағы ең басты қиындық, балалар білім алатын мектептің жоқтығы еді. Мектеп жасындағы балалар көрші 21-ші бекеттегі С.Сейфуллин атындағы №243 сегіз жылдық мектепте қатынап білім алды. Оқушылар тасымалы үшін арнайы автобус қойылды. Бірақ Жансейіттегі тұрғындардың көбі орта білімді мектебі бар ауылдарға қоныс аудара бастады. Осылайша, қайтадан жұмыс қолы азайып, ауылда қиындықтар туындай бастады. Елдің несібесі дейміз бе, әйтеуір сол қысылтаяң шақта облысқа бірінші хатшы болып Еркін Әуелбеков келді. Ол қызметке отырысымен ауыл-ауылдарды аралап, ондағы өзекті мәселелерге ден қойды. Алдын ала баратын ауылдарға арнайы хат салатын жәшіктер қойғызып, халықтың мұң-мұқтажын білуді ойлады. Сол ауылдардың ішінде Жансейіт елді мекені де бар.

Ауылға келген сәтте хат жәшігін алдырып, ішіндегі 3-ақ хатты көрді. Үш азаматтан түскен хаттың мазмұны бірдей болды. Ол ауылдан мектеп ашу турасындағы ұсыныс болатын. Өтініштерді тыңдап болған Е.Әуелбеков «Хат неге аз? Сіздерде одан басқа мәселе жоқ па? Мәдениет үйі, балабақша, почта торабы, спорт алаңы керек емес пе?» деп халықтан сұрау салғанда бәрі де таңдана қалды. Міне, нағыз іскер азамат осылай болушы еді. Жансейіттің жай күйімен танысқан Е.Әуелбеков сол кедегі шаруашылық төрағасы Ө. Жәрімбетовке тікелей тапсырма берді. «Қаржы көзін тауып мектеп соққанша кеңсеңді 8 жылдық білім ордасы ретінде ашуға босатып бересің» деді. Кеңсе деген аты болмаса карказдан соғылған жай болатын. Сол мекен жай 1998 жылдан бері осы уақытқа дейін мектеп болып тұр. Артынша ауылдан мәдениет үйі, балабақша, почта торабы ашыла бастады.
Алайда, бұл қуанышымыз ұзаққа созылмады. Әбден тозығы шыққан ескі мектеп ғимараты бүгінгі таңда сылап-сипаудың арқасында тұр. Ал мәдениет үйі болса апаттық жағдайда. Балабақша мен почта торабы жабылды. Ауылдағы халық санының артпауы осыдан. Мәселен, 1981 жылы 72 үй болса, қазір, яғни 2022 жылы 75 үй бар. Ал мектеп, клуб, балабақша салу үшін халық саны маңызды. Алайда, 40 жыл ішінде небәрі 2 үйге көбейген ауылда қалай адам тұрақтасын? Сол ескі мектепті бітірген балалар бүгінде үйлі-жайлы болды. Бірақ, барлығы жұмыс пен мектептің тапшылығынан ауданға немесе қалаға кетіп қалуда.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биыл «Балалар жылы» деп жариялады. Олай болса, балалар жылында Жансейіт елді мекеніндегі балалардың жайын ескерусіз қалдырмауларыңызды сұраймын. Бұл мәселелер бойынша ауыл әкіміне, аудандық білім бөліміне, аудан әкімі Н.Мақұлбековке және бұрынғы аудан әкімдеріне де бірнеше рет хат жолдап, ұсыныс-пікірімізді білдіргенбіз. Алайда, құрғақ уәдемен көңіл жұбатып жүргенімізге де 10 жылдың көлемі болды. Сан мәрте жиналыстарда айтылғанымен, бір нәтиже шығар емес. Бүгінгі таңда ауылда 2 кішігірім шаруашылық пен орта негізде білім беретін жоғарыда айтып өткен №133 мектеп қана бар. Осы шағын ауылда 46 зейнеткер болса, жұмысқа жарамды жастардың барлығы жұмыс іздеп жан-жақты шарлап жүр. Ендігі жерде ауыл халқының тілегі – 11 жылдық мектептің кірпішін қалау. Ауыл мектебі бірден 11 жылдық болып ашылса, балаларымыз көрші ауылға қатынамайды. Жұмыс көздері де ашылады. Спорт алаңын да мектептен табуға болар еді. Тіпті, мектептің акт-залын да пайдаға асыруға болады.
Кешегі «Қаңтар қасіретінен» соң Президент Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстанды» бірге қалайтынымызды тілге тиек етті. Ол үшін халық үніне құлақ түретін үкімет құру қажеттігі де айтылып келеді. Олай болса ел тілегін еш етпейтін үкіметтің барына сенеміз.
Сәреке Шопанбек,
зейнеткер
зейнеткер