Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құнсызданған теңгенің болашағы қандай?

Құнсызданған теңгенің болашағы қандай?

Украина төңірегіндегі жағдай Ресей рубліне қысым көрсетуді жалғастыруда. ол өз кезегінде теңгені де өзімен бірге құрдымға тартып отыр. Тіпті осы аптада теңгенің жаңа тарихи антирекорды бұзылып, айырбастау пункттерінде бір доллар үшін баға 525 теңгеге дейін жетті. Тек Қазақстан Ұлттық Банкінің араласуымен ғана мереке күндері және сәрсенбі күні теңгенің ресми бағамы 503,3 теңге болып бектіліп отыр.
Ал Ұлттық экономика министрлігі болса қазақстандықтарды үрейленбей, әліптің артын бағуға шақыруда. Себебі, алдағы уақытта теңге әлсіреуі де қайта нығайуы да мүмкін. «Менің ойымша жақын уақытта теңге бағамы тұрақталып, өзінің бастапқы жағдайына оралады деп ойлаймын», – деп мәлімдеді бірінші вице-министр Тимур Жақсылықов.
Өткен аптада сауда министрлігі Ресейге салынған санкциялардың себебінен қазақстанға жеткізілуі тиіс болған көптеген тауарлар теңіз порттарында кідіріп қалғандығын, келіссөздердің арқасында тауарларды Латвияның Рига, Венстпилсе, Лиепае порттары арқылы жеткізуге мүмкіндік туғанын айтты. Теңгенің әлсіреуі елдегі электроника, тұрмыстық техника мен үйге арналған тауарлар бағасының күрт көтерілуіне де алып келді. Ірі сауда компанияларының өкілдері ұлттық валюта бағамымен бірге, бағаның өсуіне тауарларды жеткізудегі қиындықтар әсер етті дейді.Сонымен қатар, ұлттық валютаның антирекордтары автосалондардағы жаңа автомобильдердің құнына әсер етті. Кейбір модельдер бар болғаны 100 мың теңгеге қымбаттаса, басқалары бірден бірнеше миллионға қымбаттаған.
Сарапшылардың пікірінше импорттық тауарларды сатып алу үшін Ресейліктер енді біздің нарыққа ағылуы мүмкін. Нәтижесінде теңгеміз одан әрі әлсіреп, дүкен сөрелері бос қалуы мүмкін. Бұл мәселені жеңудің жалғыз жолы теңгінің рубльге деген бағасын 3 теңге етіп бекіту болуы мүмкін.

«Өскен өңір» ақпарат
13 наурыз 2022 ж. 391 0