Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін
Біз бұл мақаламызда барлық кедергілерге қарамастан, өз жұмысының, таланты мен сәттілігінің арқасында биіктерге жете алған адамдар туралы әңгіме қозғамақпыз. Бұл 11 адамның мысалы сізге кез-келген адам тынбай еңбектенсе бәрі мүмкін екенін ұмытпауға көмектеседі.
1. Мария дас Грасас Силва Фостер қыстақтан шығып, Бразилиядағы ірі мұнай өндіруші компания Petrobras-тің алғашқы әйел басшысы атанған азаматша.
Бразилиялық мұнай алпауытының қазіргі басшысы өзінің балалық шағын өте кедей Morro do Adeus ауданында өткізеді. Оның әкесі маскүнем, ал анасы балаларын асырау үшін үнемі жұмыстан бас алмайтын. Бала кезінде Силва Фостер макулатура мен алюминий банкаларын жинап ақша табады. Еңбекқорлығының арқасында 1978 жылы Petrobras-та тағылымдамадан өтіп, алдынан кездескен кедергілерді жеңе отырып, ол кен орындарын игеру бөлімшесін басқарған алғашқы әйел атанады. Көп ұзамастан Силва Фостер Peterbras-ты басқарған алғашқы әйел атанды. Оның табанды жұмысының арқасында Фостерге Caveirao деген лақап ат берілді. Caveirao – бұл қараңғы жерлерде тәртіпті қадағалайтын бронды полиция көлігінің атауы.
2. Ду Вон Ченг (Do Won Chang), Америкада киім дүкендері желісін ашқан корей жігіті. Оның айтуынша Ду Вон әйелімен бірге Америкаға кәсіп ашу үшін көшіп келген. Бірақ ойлары бірден іске аспағандықтан 3 жұмыс орнында қатар қызмет істеуге мәжбүр болған. Арада 3 жыл өткен соң дүкен ашатын орынды жалға алып, арзан әрі сапалы киім дүкенін қалыптастырады. Қазіргі таңда «Forever 21» деп аталған дүкен алып дүкендер желісіне айналып, жылдық табысы $3 млрд долларға жеткен.
3. Гарольд Симмонс электр қуаты да жоқ қалашықта туып, миллиардер атанған. Дәлірек айтсақ, Гарольд Техас штатының Голден қалашығында тұрғанына қарамастан, Техас университетіне оқуға түсіп, экономика саласының магистры атанады. Студент шағында ауқатты отбасының балаларымен танысып, серіктестік байланыс орнатады.
Симмонстың ең алғашқы кәсіпорны дәріханалар желісі болды. Алайда бұл бизнес толықтай несиенің көмегімен құрылған еді. Соған қарамастан ол алғашқы бизнесін 100 дәріханадан тұратын үлкен дәріханалар желісіне айналдырып, 50 миллион долларға сатып жіберген. Осыдан кейін ол компанияларды алып сату ісіндегі нағыз майталманға айналады. Қазіргі уақытта оның меншігіндегі 6 компания акциялары атақты «Нью-Йорк қор биржасында» саудаланады. Оның ішінде әлемдік титан өндірушісі Titanium Metals Corporation компаниясы да бар.
4. Зденек Бакала коммунистік Чехословакиядан шыққан көмір магнаты. Ол 1980 жылы 19 жасында Коммунистік Чехословакиядан сэндвичке жасырған 50 долларымен қашып кеткен. Сөйтіп ол Таходағы казинолардың бірінде ыдыс жуа бастайды
Аздаған сәттіліктің арқасында Бакала Калифорния университетінде экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, банк саласында қызмет етеді. Сөйтіп жүріп өз еліндегі компанияға жұмысқа орналасып, Прага қабырғасы құлағаннан кейін өзініңCredit Suisse First Boston деп аталған көмір өндіруші компаниясын ашады. Қазіргі таңда ол басқаратын компанияның Орталық Еуропада 8 сауда нүктесі бар. Ал оның жылдық ақша айналымы $2,52 млрд доллар.
5. Джон Пол Деджориа өзінің John Paul Mitchell Systems компаниясы аяққа тұрып кеткенше көлікте өмір сүрген.
Өмірінің алғашқы кезеңдеріннен-ақ Деджория көп қиындық көрді. Ол екі жасқа толғанда ата-анасы ажырасып кеткендіктен, жастайынан рождестволық ашық хаттар мен газеттер таратып ақша табуға мәжбүр болды. 10 жасқа толғаннан кейін ол Лос-Анджелестегі интернатқа ауысып, жергілікті бұзақылардың тобына кіреді. Кейіннен бұл қателігін түсініп, 700 доллар несие алып, основал John Paul Mitchell Systems компаниясының негізін қалайды.
Өз көлігінде компания өнімдерін сатып, күні-түнгі еңбек етеді. Соның арқасында табысқа жетіп, оның компаниясының жылдық табысы 900 млн долларға жеткен. Қазіргі таңда компания шаш күтіміне қажетті 80-ге жуық өнім түрлерін шығарумен айналысады.
6. Говард Шульц атақты Starbucks компаниясының басшысы. Шульцтың балалық шағы Бркулин қаласында өтеді. Ол бала кезінен өзі тұрып жатқан қалашықтан шығып, жоғары көтерілуді армандайды. Алайда әкесі жүк көлігінің жүргізушісі болғандықтан ұлына тиісті жағдай жасап бере алмайды. Дегенмен Шульц өзінің табандылығы мен спортқа бейімділігінің арқасында Солтүстік Мичиган университетіне түсіп, коммуникация мамандығын тәмәмдайды.
Содан соң лазерлік принтерлер өндірісіндегі әлемдік көшбасшы саналатын Xerox компаниясына жұмысқа тұрады. Бірақ көп ұзамай сол аудандағы Starbucks атты шағын кофе дүкеніне көзі түсіп, кофеге деген ерекше махаббаты оны 1987 жылы Starbucks кофе дүкенін сатып алуға итермелейді. Алғашында 60 сауда нүктесінен басталған кәсіп өсіп-өркендеп, қазір әлем бойынша олардың саны 16 мыңға жеткен. Ал оның қаржылық жағдайы $1,5 млрд долларға бағаланады.
7. Ли Кашин пластмасса зауытында жұмыс жасау үшін 15 жасында мектепті тастап кеткен шығыс Азиялық.
Әкесі туберкулезден қайтыс болғанда ол бар болғаны 15 жаста болды. Сондықтан ол мектепті тастап пластмасса зауытына жұмысқа тұрады. Кейінен ол пластмасса өндірумен айналысатын шағын компания ашып, табысқа кенеледі. Артынша компанияның бағытын өзгертіп Қытайдағы жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын ірі компанияға айналған. Қазіргі уақыттыаЛи Кашинның меншігінде аэропорттар, қонақ үйлер, телеарналар, банктер бар.
8. Леонардо Дель Веккио – қарапайым зауыт жұмысшысы қызметінен бастап, көзілдірік шығаратын империяның басшына дейін көтерілген азамат.
Дель Векконың отбасында 5 бала болған. Оның жесір қалған анасына отбасын асырау қиынға түсіп, Дель Веккио көзілдірік әйнектерін өндіретін зауытқа жұмысқа орналасуға мәжбүр болады. Сол жерде ол бір саусағынан айрылып қалады. Бірақ ол ештеңеге қарамастан 23 жасында медициналық және күннен қорғайтын көзілдірік шығаратын дүкенін ашады. Оның меншігінде Oakley и Ray-Ban секілді танымал брендтер бар. Ал оның жылдық табысы 11,5 млрд доллар.
9. Ингвар Кампрад Швецияның шағын қыстағында дүниеге келгеніне қарамастан, әлемдегі ең ірі жиҺаз өндіруші IKEA компаниясының негізін қалаған кәсіпкер.
Алғашқы кәсібін сіріңке сатудан бастаған ол кәсібіне қанағаттанбай әкесінен қарыз алып, IKEA шағын дүкенін ашады. Кейінен дәл осы шағын дүкен жылына 3 млрд доллар табыс табатын әлемдік жиһаз өндіруші компанияға айналды.
10. Роман Абрамович – жетімдігіне қарамастан ірі мұнай өндіруші компания басшысына айналған Ресейлік кәсіпкер.
Ата-анасы қайтыс болғанда Роман бар болғаны 4 жаста болған. Сондықтан оны ата-әжесі тәрбиесіне алады. Ал оның ірі кәсіпкерге айналуына өз тойында қалыңдықтың туыстары жасаған қымбат сыйлық себеп болады. Сол оқиғадан кейін ол оқуын тастап кәсіпкерлікпен айналысады. 1995 жылы «Сибнефть» компаниясын сатып алып, «Евраз» и «РусАл секілді түрлі жобаларға инвестиция құяды. Қазіргі уақытта ол ағылшындық «Челси» футбол командасының иесі болып табылады.
11. Джоан Роулинг – атақты Гарри Поттер әңгімелерінің авторы. Табысқа кенелгенге дейін ол әлеуметтік төлемдер есебінен күн көріп келген деседі.
Бала кезінен Джоан кітап оқуды ұнатқан. Сондықтан болар ол өзінің алғашқы әңгімесін бар болғаны 6 жасында жазып шыққан. Бірақ жазушының шынайы танымалдылыққа ие болуына қарапайым баланың сиқыр мектебіне оқуға түскені жайында жазылған романы себеп болды. Кейінен Гарри Поттер жайлы жазылған романдар Джоан Роулингке 1 млрд доллар табыс алып келіп, оның желісімен өте табысты бірнеше кинофильмдер түсірілді.
Тәржімалаған:
Рамазан Әнәпия
Рамазан Әнәпия