Жаңа заң: Тілді қайта тірілте ме?
«Өлген» елдің тілінің белгілі бір мөлшерде «тірі» қалатын жағдайы да болады. Тілдің ондай мықтылығына латын (түпнұсқасы: «Ал Өн») тілі дәлел. Керісінше, тіліне мықты қайбір қайсар елдер өз тірлігін ешқандай атамекенсіз-ақ, мемлекеттіліксіз-ақ жаманды-жақсылы жалғастыра бермекке қауқарлы. Оған бір дәлел – сонау курд халқы. Ондай ел құлдыққа түссе де құрып кетпейді. Бірақ, тілі болмаса, кез келген ел сәтке де өмір сүре алмайды. Тіл құдіреті дегеніңіз сол, әне! Енді ежелден мәлім сол қарапайым қағидатты да астанадағы әр министрлікке ауылда отырған біз барып түсіндіріп жүруіміз керек пе?!
Тіл мәселесіне келгенде түйіні тарқатылмай жүрген түйіткілдерді қаламымен түртіп жүретін жазушы Т.Әбдікәкімовтың сөзі бұл. Мемлекеттік тілдің мәртебесіне келгенде маңдытып айтар хабарымыз жоқ әзірге. Содан болар өткенге елеңдеп, бұрынғы тіл жанашырларының жан айқайын қайта-қайта еске аламыз. Мәселен 1905 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы қадамында Алаштың ардақты азаматы Әлихан Бөкейхановтың қазақ тіліне бостандық берілуін көтеруі тектен-тек емес. 1989 жылдың 22 қыркүйегінде еліміздің тарихында тұңғыш рет «Тіл туралы» заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Ал, тәуелсіздік орнағаннан кейін, 1995 жылы Конституция қабылданған соң өмірге келген 1997 жылғы «Тіл туралы» заңы да бекітілгені белгілі. Содан бергі жылдары мемлекеттік тілді қоғамдық өмірде дамыту және қолдану бағытында елеулі жұмыстар жүзеге асты. Бұрын қасаң тартқан мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдары қазақ тілі төңірегінде оң өзгеріске бет бұрды. Білім, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, экономика, ғылым, саясат, қорғаныс салаларында да елеулі өзгеріс байқалды. Білім беру жүйесінде қазақ мектептерінің саны артты. Алайда, қайта құрудан басталған тіл үшін күрес, ұлттық рухтың қарқыны егемендікке жету мен тәуелсіздік алудан әрі өрісті дамытылмады. Мемлекеттік тілден бұрын, ресми тіл үстемдік құрды.

Барыс жылының бастауында елімізде «Қасіретті қаңтар» сабағы орын алды. Ашынған халық ащы шындықты айта бастады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қоғамның қыртысы жазылмай тұрған тұстарын түртіп, Жаңа Қазақстан құруды ұсынды. Олай болса, елдік мәселеде ертеңгі тіліміздің жай-күйін де ұмытпауымыз керек. Ол үшін ең әуелі мінберлерде қазақ тілі сайрап тұруы қажет. Үкімет отырыстарынан бастап, түрлі жиналыстарды да мемлекеттік тілде жүргізу тілге деген құрметтің белгісі емес пе?
Осы арада өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ зиялыларының қайсар мінезі еске түседі. Белгілі композитор Е.Брусиловский өзінің «Дүйім дүлдүлдер» атты өмірбаяндық кітабында Халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтың өз кабинетінде өткізген бір мәжілісін мысалға келтіреді: «Наркомның өзі де, басқа сөйлеушілер де қазақ тілінде сөйлеп отыр. Бір кезде Борис Николаевич (қарағандылық Орлов) орнынан тұрды да Жүргеновтен қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында әңгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, сөйлеушілерді түсінетіндей болуы үшін орысша сөйлеу жөн екенін айтты. Бір кезде Жүргеновтың қара көздері ұшқындап кетті. Жұрттың бәрі бүкшие түсіп, тым-тырыс бола қалды. «Сіз қайда отырсыз, Орлов жолдас! Сіз Қазақстанға келдіңіз екен, егер де мұнда жұмыс істегіңіз келсе, сіз республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз! Сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемексіз бе?» – дейді. Міне, осындай ұлтқа деген жанашырлықты Мемлекет басшысынан да көргісі келеді халық.
Ештен кеш жақсы
Бұл осыдан сексен жылдан астам уақыт бұрын қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы конституциялық қағида да, заң да жоқ болғанымен ұлттық рухы күшті Алаш ардақтыларының ашық әрекеті болатын. Ал, қазір ше? Мінберге шыққан министр, сөз сөйлеген депутат, биліктегі шенеуніктер тілі енді шыққан сәбидей шүлдірлеп қазақша сөйлей алмайды. Жиындардың басым бөлігі орыс тілінде өтеді. Неге? Орыс тілі – Ата Заңымызда мемлекеттік тілмен тең дәрежедегі статусқа ие. Орысша сауал қойған адамға қазақша жауап қата алмайтын біздер ғана ма?

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру туралы қаншама ой толғамдар мен ұсыныс пікірлер айтылып келді. Алайда, оңды өзгеріс орын ала қойған жоқ. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Тіл туралы» Заңға өзгеріс енгізген болатын. Жаңа Заңда маңдайша мен мәзір тек қазақша жазылады делінген. Жаңа заңды түсіндіру мақсатында облыс, аудан аумағында ақпараттыөқ топтар құрылуда. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова өңірлік коммуникация қызметінде айтты.
– Жалпы, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейтуде көрнекі ақпарат тілінің алатын орны ерекше. Өзгеріске енген «Тіл туралы» Заңның 19-бабына әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атауларын мемлекеттік тілде жазу туралы айтылған. Бұған дейін бұл атаулар мемлекеттік тілде және басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлген болса, қазіргі Заң нормасы атаулардың тек мемлекеттік тілде жазылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Заңның 21-бабында көрнекі ақпараттар қазақ тілінде қатесіз жазуға міндеттейді. Яғни, көрнекі ақпарат мәтіндерінің түпнұсқа мағынасын сақтап аудару талабы қатаң ескерілуі тиіс, – деді Мира Жомартқызы.
P/s: Тіл мәртебесі тек маңдайша мен мәзірдегі жазуды қазақшалаумен өлшенбесі анық. Ең әуелі қазақтың Ата заңын қазақ тілінде сөйлетпейінше, көршінің тіліне деген тәуелділіктен арыла алмаспыз. Қазақ тілі заң жазуға, нормативтік құқықтық құжаттарды түзуге икемсіз деген қасаң түсініктен қашан құтыламыз? Әрісі Тәуке ханның «Жеті жарғысын» айтпағанда, берісі жазба әдебиетіміздің негізін қалаған Ұлы Абайдың өзі 73 баптан тұратын «Қарамола Ережесін» жазып қалдырған еді. Олай болса, Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толған Қазақстанның Ата заңын толықтай қазақ тілінде жазуға не кедергі?
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ