Қалауын таппас қайран тіл
«Өлген» елдің тілінің белгілі бір мөлшерде «тірі» қалатын жағдайы да болады. Тілдің ондай мықтылығына латын (түпнұсқасы: «Ал Өн») тілі дәлел. Керісінше, тіліне мықты қайбір қайсар елдер өз тірлігін ешқандай атамекенсіз-ақ, мемлекеттіліксіз-ақ жаманды-жақсылы жалғастыра бермекке қауқарлы. Оған бір дәлел – сонау курд халқы. Ондай ел құлдыққа түссе де құрып кетпейді. Бірақ, тілі болмаса, кез келген ел бір сәтке де өмір сүре алмайды. Тіл құдіреті дегеніңіз сол, әне! Енді ежелден мәлім сол қарапайым қағидатты астанадағы әр министрлікке ауылда отырған біз барып түсіндіріп жүруіміз керек пе?!
Тіл мәселесіне келгенде түйіні тарқатылмай жүрген түйіткілдерді қаламымен түртіп жүретін жазушы Т.Әбдікәкімовтың сөзі бұл. Мемлекеттік тілдің мәртебесіне келгенде маңдытып айтар хабарымыз жоқ әзірге. Содан болар өткенге елеңдеп, бұрынғы тіл жанашырларының жан айқайын қайта-қайта еске аламыз. Мәселен, 1905 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы қадамында Алаштың ардақты азаматы Әлихан Бөкейхановтың қазақ тіліне бостандық берілуін көтеруі тектен-тек емес. 1989 жылдың 22 қыркүйегінде еліміздің тарихында тұңғыш рет «Тіл туралы» заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Ал, тәуелсіздік орнағаннан кейін, 1995 жылы Конституция қабылданған соң өмірге келген 1997 жылғы «Тіл туралы» заңы да бекітілгені белгілі. Содан бергі жиырма төрт жылда мемлекеттік тілді қоғамдық өмірде дамыту және қолдану бағытында елеулі жұмыстар жүзеге асты. Бұрын қасаң тартқан мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдары қазақ тілі төңірегінде оң өзгеріске бет бұрды. Білім, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, экономика, ғылым, саясат, қорғаныс салаларында да елеулі өзгеріс байқалды. Білім беру жүйесінде қазақ мектептерінің саны артты. Алайда, қайта құрудан басталған тіл үшін күрес, ұлттық рухтың қарқыны егемендікке жету мен тәуелсіздік алудан әрі өрісті дамытылмады. Елімізде белсенді құрылған және көп істерге ұйытқы болған «Қазақ тілі» қоғамдары көп ұзамай қалың ұйқыға кеткені де жасырын емес. Ең өкініштісі, 1995 жылғы Ата Заңның 7-бабындағы «1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі», сондай-ақ 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңындағы «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі» – деген құқықтық нормалар тиісті жұмыс істемей отыр.

Осы арада өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ зиялыларының қайсар мінезі еске түседі. Белгілі композитор Е.Брусиловский өзінің «Дүйім дүлдүлдер» атты өмірбаяндық кітабында Халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтың өз кабинетінде өткізген бір мәжілісін мысалға келтіреді: «Наркомның өзі де, басқа сөйлеушілер де қазақ тілінде сөйлеп отыр. Бір кезде Борис Николаевич (қарағандылық Орлов) орнынан тұрды да Жүргеновтен қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында әңгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, сөйлеушілерді түсінетіндей болуы үшін орысша сөйлеу жөн екенін айтты. Бір кезде Жүргеновтың қара көздері ұшқындап кетті. Жұрттың бәрі бүкшие түсіп, тым-тырыс бола қалды. «Сіз қайда отырсыз, Орлов жолдас! Сіз Қазақстанға келдіңіз екен, егер де мұнда жұмыс істегіңіз келсе, сіз республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз! Сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемексіз бе?» – дейді.
Ештен кеш жақсы
Бұл осыдан сексен жылдан астам уақыт бұрын қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы конституциялық қағида да, заң да жоқ болғанымен ұлттық рухы күшті Алаш ардақтыларының ашық әрекеті болатын. Ал, қазір ше? Мінберге шыққан министр, сөз сөйлеген депутат, биліктегі шенеуніктер тілі енді шыққан сәбидей шүлдірлеп қазақша сөйлей алмайды. Жиындардың басым бөлігі орыс тілінде өтеді. Неге? Орыс тілі – Ата Заңымызда мемлекеттік тілмен тең дәрежедегі статусқа ие. Орысша сауал қойған адамға қазақша жауап қата алмайтын біздер ғана ма?
Ал осыдан 15 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік Тілді меңгеруге қатысты «он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады ғой!» деген тарихи сарказмдық мәтелінің де оянуға түрткі бола алмағаны жанға батады. Одан бері тағы да 15 жыл өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру туралы қаншама ой толғамдар болғанымен нақты әрекеттің көрініс таппағаны болар, «ештен кеш жақсы» дестік. Иә, жуырда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында мемлекеттік тілді меңгеруге әлі де кеш еместігін жеткізді. Т.Әбдікәкімов «25 жылдық сабырға 5 жылдық тағатты қоссақ, бақандай 30 жылдық шыдам шығады» дейді. Бір білеріміз «шыдамның да шегі бар». Расында, қазақ өзінің мемлекеттік тілінің мәртебесін арттырмаса, жерін біздікі деп кім көрінген талан-таражға салады. Азат елдің 30 жылдағы тіл саясатының салмағы енді қалай өлшенбек? Қазақ өзінің ана тілін үйрену үшін 30 жылын жоғалтуы керек пе? «Ештен кеш жақсы» деп еркіне салғаннан мемлекеттік тілді меңгеруге талпынып тұрғандарды және көрмедік.
PS: Қазақ жерін 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етеді. Әрбірі өзінің тілі мен дінін ұстануға құқылы. Егемен Қазақстанның еркіндігі мен бауырмалдығының көрінісі бұл дейміз. Алайда өзінің мемлекеттік тілін меңгере алмай жүріп, өзгеден талап ету де ақылға қонымсыз тірлік болмай ма? Осындай да «қалауын таппас қайран тіл» деп күрсініп қана қоямыз.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ