Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірде мүлде болмауы мүмкін 4 тарихи тұлға

Өмірде мүлде болмауы мүмкін 4 тарихи тұлға

1. Гомер
Көп уақыт бойы Гомерді біз кәсіби әңгімеші, эпикалық поэмаларды ойлап табушы ретінде санап келдік. Тіпті Еуропа әдебиетінің көрнекті шығармалары: «Одиссея» және «Илиада» авторы деп таныдық.
Бірақ зерттеушілер Гомердің өмірі мен шығармашылығын мұқият талдай бастағанда, көптеген сұрақтартаға тап болды. Ғалымдар оның өзіне таңылған шығармалардың авторы екендігіне ғана емес,өмірде болған адам екендігіне де күмән келтіре бастады.
Сонымен, Гомердің қайда және қашан өмір сүргенін нақты анықтау мүмкін емес. Бір дерек көздерінде біздің дәуірімізге дейінгі XIII–XII ғасырларда өмір сүргені айтылса, басқаларында – IX–VIII ғасырларда өмір сүргені айтылады. Яғни, алшақтық бақандай 500 жылдан асады! Ал, Гректің ең танымал шығармалары — «Одиссея» және «Илиадаға» келер болсақ, бұл туындылар Гомердің өлімінен кейін жазылғаны белгілі. Демек, аталған шығармалардың нақты авторы болмаған. Ауыздан ауызға тарап, түрлі өзгерістрге ұшырап отырғанына көзіміз жетеді.

2. Ликург
Ежелгі дәуірден бастап Спартаның мемлекеттік және әлеуметтік негіздерін оның аты аңызға айналған билеушісі Ликург салған деп саналады. Ол өмірдің барлық салаларын реттеуді, ақсақалдар кеңесін құруды, әскери істерге басымдылық беруді ойлап тапқан деп саналады.
Алайда, Ликургтың қандай заңдарды қабылдауға атсалысқаны белгісіз. Тіпті, патшаның өмір сүрген нақты уақытын да ешкім білмейді. Ықпалды ежелгі грек жазушысы Ксенофонт аты аңызға айналған Ликург б.з. д. 1000 жылы билік еткен деп санаса, ал Александр Македонский дәуірінің ғалымдары IX ғасыр туралы жазды.
Сондықтан, көпшілік ғалымдар Ликургтың ешқашан өмірде болмағанына және спартандықтар оны ойдан құрап алғандарына сенімді. Дегенмен, қарама-қарсы көзқарастар да бар. Кейбір тарихшылар Ликург Спартаны қиын сәтте құтқарған қаһарман деп санайды. Олардың айтуынша, б.з.д VII ғасырда ежелгі Спартаға бағынышты илоттар бүлік шығарған сәтте, дәл осы Ликург көтерілісті басып, Спартаны сақтап қалған секілді.

3. Артур Патша
Әрине, біз Артур патшаны дөңгелек үстел рыцарьлар қоғамының жетекшісі, Гвиневраға үйленген және тасқа сұғылған Экскалибур қылышын алып, аңызға айналған тұлға ретінде білеміз. Бірақ, Артур патша жай ғана ұлы патшаның мифтік прототипі болу әбден мүмкін.
Алайда, Артурмен байланысты кейбір оқиғалардың шындығы тарихшылар арасында күмән тудырмайды. Біздің дәуіріміздің VI ғасырында Британдық аралда өмір сүрген кельттер саксондардың неміс тайпаларының шабуылымен күресіп, бірнеше жеңістерге жеткені белгілі ақиқат. Оның ішінде Бадонда болған жеңісті – тарихшылар Артур паштаның жеңісі деп біледі.
Алайда, Артур патшаның немесе оның прототипінің бар екендігі туралы басқа дәлелдер жоқ. VI ғасырдың құжаттары, соның ішінде Бадон шайқасын сипаттайтындар кейіпкер туралы айтпайды. Патшаның саксондармен қарама-қайшылығы туралы алғашқы мәліметтер оқиғалардың өзінен кем дегенде 300 жыл өткен соң құрастырылған «Камбрия жылнамаларында» және «Британ тарихында» табылды. Бірақ бұл дереккөздерге деген сенім аз — авторлардың ақпаратты қайдан алғаны белгісіз. Мүмкін, кейбір поэтикалық шығармалардан. Артур кейіпкер ретінде тек XII ғасырда танымал болды, сол кезде Галфрид Монмутский «Британдық патшалардың тарихын»жазды. Сондықтан Артурды өмірде болған адам деп қарауға мәліметтер жеткіліксіз.

4. Робин Гуд
Аңыз бойынша, Робин Гуд, дәулетті отбасынан шыққан адам. Өзінің серіктестерімен бірге Шервуд орманы маңында тұрған. Ол әдемі ханым Марианға қамқорлық жасап, садақ атып, байларды тонап, кедейлерге ақша үлестіріп отырған. Парасатты қарақшы деп аталып кеткен оған тіпті Ноттингемде ескерткіш орнатылған.
Алайда, ортағасырлық балладаларда мүлде басқа тарих айтылады. Себебі, онда Шервуд орманы мүлде айтылмайды. Әрі XIV–XV ғасырлардағы әңгімелерде Робин Гуд қанды қол қарақшы ретінде сипатталады. Мәселен, әңгімеде Робин Гудтың шерифті жебемен жаралап, артынан бауыздап тастағаны, одан соң пышақпен қайта қайта соққы жасағаны жазылған.
Кейіннен Робин Гуд есімі ағылшын қарақшылары арасында танымал бола бастаған. Тариихшы Джозеф Хантердің айтуынша 1226 жылғы сот реестрінде «қашқын» Робин Гуд есімі тіркелген. Ал 1354 жылғы құжаттарда Робин Гудтың қамалып, сот шешімін күтіп отырғаны айтылған.
Аталған қарақшылардың ішінде Шервуд ормандарын мекендейтін қайырымды қарақшының болуы мүмкін емес те шығар. Сірә, бұл кедей тап өкілдерінің қиялынан туындаған әділ қаһарманның бейнесі болуы мүмкін

Тәржімәлаған: Рамазан Әнәпия
28 қаңтар 2022 ж. 596 0