Жалқаулықты жеңудің ең жеңіл әдісі
Неге біздің мақсаттарымыз көп жағдайда іске аспайды? Бұның басты себебі жалқаулықта ма, әлде мақсатты дұрыс белгілемеуден бе? Әдетте мақсат қояр кезде біз өзімізге тым көп міндет артамыз. Ал барлығын бірдей көтеру мүмкін бе? Мысалы, нақты шешім қабылдап, жаттығу залына бара бастаймыз делік. Аптасына 3 мезгіл барып, тез шаршап қаламыз. Содан кейін әдет болып үлгермеген әрекетті тез тастап кетуге мәжбүр боламыз. Мұндай жағдайда жапондық «кайдзен» әдісін қолдануға болады. Оның басты ұстанымы «бір минут» деп аталады. Яғни, белгілі бір нәрсемен күнделікті бір уақытта тек бір минут айналысасыз. Бір минуттың ішінде жалқаулық та өз әсерін беріп үлгермейді. Оның үстіне, бір істі атқаруға уақыт бөлмеудің сылтауын іздеудің өзі де ұят секілді. Кайдзен әдісінің нақты бір формасы жоқ. Бұл әдісті түсіну үшін мысал келтіре кетсек. Егер сіз арықтағыңыз келсе, күніне бір минут белгілі бір жаттығу түрін жасаңыз. Немесе тіл үйрену мақсатында, күніне бір минут бойы жаңа сөздер жаттаңыз. Бұдан кейін сіз өз мүмкіндіктеріңізге сенбеуді доғарып, табыс пен жеңісті сезіне бастайтыныңыз сөзсіз. Уақыт өте келе жаңа жетістіктеріңіз жаттығудың уақытын көбейтуге итермелейді. Кайдзен әдісі Жапонияда пайда болған. Ол «кай» – өзгеріс және «дзен» – даналық деген екі сөзден тұрады. Бұл әдістің авторы - Масааки Имаи. Оның ойынша кайдзен әдісінің бизнесте де, жеке өмірде де пайдасы мол.
Massaget.kz
Massaget.kz