Президент: Ауыр қасіреттің себептерін саралап, салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған маңызды міндет

Президент бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін айтты.
«Мұның, әрине, бірнеше себебі бар. Кей азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады. Бірақ, бізге керегі тек ақиқат қана. Сол себепті, оқиғаларды мұқият зерттей отырып айтарым – жыл басынан бері болған барлық жағдайлар бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық», – деді Қ. Тоқаев.
https://aqmeshit-aptalygy.kz