Сындарлы сәтте ұлт болып ұйысу қажет
Қызылорда қаласы біртіндеп қалыпты тіршілікке оралып жатыр. Бұл сөзімізге қала орталығындағы қиратылған ғимараттардың қалыпқа келтірілуі мен тіршіліктің жандануы дәлел болмақ. Жалпы, өңірдегі ахуал қандай? Аз-кем зерттеп көрдік.
Қалада болған қақтығыс салдарынан 13 нысан мен 46 көлік өртеніп кеткен. Аймақта жүргізіліп жатқан антитеррор операциясы кезінде 225 азамат ұсталып, полиция органдарына жеткізілген. Оларға қатысты 50 қылмыстық іс қозғалып, 27 адам қамауға алынған. Сондай-ақ, содырлық топтың сойылын соққан жандардан 1 атыс қару, 12 суық қару, 2 каска тәркіленген.

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.
– 5-6 қаңтар күндері ТЖ кезінде бұзақылық және тәртіпсіздік салдырынан 13 нысан зақымдалды. Атап айта кетсек, полиция бекетінің 8 данасы, жергілікті полиция қызметінің гаражы, облыстық әкімшілік, сот ғимараты, облыстық және қалалық «Nur Otan» партиясының ғимараттары және де 46 автокөлік өртке зақымдалды. Орын алған өрттерді сөндіруге, Қызылорда облыстық ТЖД-дан барлығы 33 қызметкер, 4 өрт сөндіру автокөлігі және 1 арнайы автокөлік жұмылдырылды. Қызылорда облысы ТЖД құрылымдық бөлімшелерінде 236 қызметкер, 69 техника күшейтілген кезекшілікте. Жеке құрам арасынан жарақат алғандар жоқ. Департаменттің және оған бағынысты бөлімшелердің ғимараттары, техникалары зақымдалған жоқ.
Облыстық көп бейінді аурухананның бүгінгі ахуалы қандай?
Облыс орталығындағы қақтығыс кезінде жарақат алған науқастармен қатар, аруға шалдыққан қарапайым тұрғындарға да дер кезінде көмек көрсету маңызды. Осыған орай, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыстық көп бейінді аурухананың төсек орындары 65 процентке, реанимациялық орын 80 процентке толыққан. Қазір мұнда қақтығыстан зардап шеккен 34 адам бар. Төтенше жағдайға байланысты мұнда мыңға жуық ақ халатты күні-түні жұмыс істеуде. Соның арқасында тәртіпсіздіктен зардап шеккендермен қатар, қарапайым ем алушыларға да үздіксіз көмек көрсетілуде.

Тәжік-ауған соғысының ардагерлері тәртіпсіздікке қарсы
Бейбіт күннің қадірін бір білсе, соғыс ардагерлері білері анық. Қан майданды көзбен көрген азаматтар үшін де елдегі тәртіпсіздіктердің ауыр тигені анық. Тәжік-ауған соғысы ардагерлері алаңдап қана қомай, 9 қаңтар күні қоғам тыныштығын қадағалап тұрған әскери қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтасыз етті. Олар 50 адамға ыстық тамақ әзірлеп, түскі асты блокбекеттерде тұрған әскерилерге жеткізді.

Шиелі жұрты да билікпен бірге
Шиеліліктер болса, ел тұтастығы басты бағдар болуы тиіс дейді. Ауданда алғашқы күндері бейбіт шерулер өткеніне қарамастан, аудандық ардагерлер мен аудан әкімдігінің дер кезінде жүргізген шараларының арқасында тәртіпсіздіктер орын алмаған. Ауданның белгілі азаматтары Өркен Исмаил, Кенжебай Жүсіп, Нәйла Палымбетовалар да елді бейбітшілікке шақырып, өзінше үн қосты.

Қиын шақта тауар бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жазалануы тиіс
Елдегі орын алған әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан, бағаны негізсіз өсіріп, «жығылғанға жұдырық» болып жатқан кәсіпкерлер де кездесуде. Сондықтан, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын бақылау үшін және такси мен отын бағасына шағымдану үшін арнайы байланыс желісі құрылды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өсуін анықтаған болсаңыз мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңызды сұраймыз: (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (астана уақыты бойынша 9.00 мен 18.30 аралығында); 8 705 231 2423, 8 776 458 8885, 8 708 883 0262, 8 701 369 6128 (астана уақыты бойынша 22.00-ге дейін)», - делінген хабарламада. Ал, такси мен отын бағасына шағымдану үшін Қызылорда облысы тұрғындары 8 (7242) 27 55 59 нөмеріне хабарласуына болады. «Жедел желі» тәулік бойы жұмыс істейді.

Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты
Жаппай тәртіпсіздіктен соттар ғимаратына қатты зақым келген еді. Бүгінде бүлінген ғимаратты тазалау жұмыстары басталған. Облыстық соттар әкімшісі басшысының айтуынша, шамамен нысанның 70 процентіне зақым келген. Бірақ материалдық шығынның нақты көлемі әзірге белгісіз.

– Көп заттарымыз жойылған, өртенген. Оның ішінде 1-ші қабаттағы сот залдары сол бойы өртеніп кеткен. Ішіндегі сот барысын өткізетін құралдыр, компьютерлер, мониторлардың барлығын қолды қылған. Мұндағы сот жүйесінің тарихына арналған мұражайдағы құнды деректердің де біразы өртеніп кеткен. Ал, мұрағаттағы істер мен қазір сотта қаралып жатқан барлық істер сақтаулы, - дейді Облыстық соттар әкімшісінің басшысы Сағатбек Сүлеймен
Тазалық – мәдениеттің көрінісі
Интернет желісінде тараған бейнежазбадан орталық алаңның отқа оранғанын, көптеген көліктердің өртелгенін байқау қиын емес. Бұл тәртіпсіздіктер билік орындарына ғана емес, тазалық мекемелеріне де қиындық келтіргені анық. Тәртіпсіздіктер орын алған күндері олардың жұмысы тоқтап, қалада бірнеше күн бойы қоқыс шығарылмай қалды. Қазіргі таңда, «Қызылорда тазалығы» серіктестігі қызметкерлерінің қарқынды жұмысының арқасында көптеген ғимараттар тазаланып,тұрғындардың қоқыс контейнерлері босатылуда. Бірінен соң бірі қала сыртына ағылған қоқыс тасушы көліктерді көргенімізде оларға оңай болмай жатқанын түсіндік. Осы орайда аталған мекеме қызметкерлеріне ерекше алғысымызды білдіріп, тұрғындарды тазалық сақтауға шақырамыз.

Банк жүйесі реттеледі
Тәртіпсіздіктер басталғалы елімізде банк жүйесі толықтай тоқтап қалды. Азаматтар жеке есеп шотындағы қаражатына қол жеткізе алмай бірнеше күн әбігерленді. Дегенмен, қазір өңірдегі банктердің қызметі жүйелене бастады. Бірер күнде қаржы құрылымдарының барлығы штаттық режимде жұмысқа кіріспек ниетте. Әзірге жұртшылық «Халық банкі» банкоматтарынан ғана өз қаржыларын алып жатыр. Өзге банктердің карталарына лимиттік шектеу қойылған. Яғни, тұрғындардың 10 мың теңгеге дейін ғана қаржыларын шешуге мүмкіндігі бар. Айта кетерлігі, жеке және заңды тұлғалардың несиелеріне қаңтар айынының соңына дейін өсім жүрмейді.

Төтенше жағдай кезінде нені білуіміз керек?
20 БАП. КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҰСТАУ ТӘРТІБІ

Комендантық сағат ережелерін бұзған жеке тұлғаларды Ішкі істер органдарының қызметкерлері немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзімен бірге болмағандарды жеке басын анықтағанға дейін, бірақ ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарларының шешімі бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерімен бірге болған заттары мен көлік құралдарының тексерілуі мүмкін
274 БАП 4 ТАРМАҚ. ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКС
Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тәртіпсіздік ұйымдастырушыларының көп бөлігі ұсталғанымен, облыста әлі де арнайы операциялар тоқтатылған жоқ. Түнгі уақытта рейдтік шаралар ұйымдастырылып, қала маңайындағы тоғайлар, саяжайлар түгелдей тексерілуде. Осыған орай, барлық облыс тұрғындарын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындап, түнгі уақытта үйден шықпауға шақырамыз. Қызылорда облысында таңғы 7:00 мен түнгі 23:00 аралығында еркін қозғалуға мүмкіндік бар. Азаматтар ТЖ режимін бұзып, рұқсат етілмеген уақытта көшеде жүрсе, құқық қорғау органдары қызметкерлері оқ атуға толықтай құқылы.
Өңірдегі жағдай осындай. Сыртқы күштердің залым әрекеттерінен Сыр елінің жұрты орасан зор шығынға ұшырап отыр. Адам өліп, қаншама жас арандатушылардың құралына айналды. «Бірдің кесірі мыңға тиер», деген осы шығар
Рамазан ӘНӘПИЯ