Халық бейбіт өмірді қалайды
Толқынды толқын қуады. Жәй толқындар келіп алапат толқынға ұласып, цунами болады. Ойды ой қозғайды. Жақсы ой жақсылыққа бастайды. Жаман ой жамандыққа итереді. Ақыл мен шолақ ақыл алысып, кейде санасыздардың жолы болып кетіп жатады. Қазақ даналығында «Сабыр түбі сары алтын» деген нақыл өзіміздің қазақ халқынна ғана айтылғандай . Бірақ түбінде өздерін үнемі сабырға шақырып отыратын, үлкенге де, кішіге де «әй, қарағым, сабыр етсей», «сабыр қылшы», «сәл сабыр ет, бәрі дұрыс болады», «сабыр сақтағанның қандай жақсы болды” деп қоятын бұл қазағымызға не болды осы? Заман бұзылды ма, адам бұзылдыма? Үлкендер ақыл айтудан, тәрбие беруден қалды ма? Жастар оны тыңдаудан, ақсақалды, қарияны, әкесіндей адамдарды сыйлаудан қалды ма? Ештеңе де, ешкім де бұзылған жоқ. Қоғам алға жылжып, көп ұзап кетті.
Санамыз жаңғыру, жаңару барысында сан-саққа ұмтылып, тұйыққа тірелді. Қоғам салғырттықты, бейжайлықты, кедейлікті, жалқаулықты, енжарлықты, тобырлықты қаламайды. Қазіргі қоғам әділдікті, адалдықты, белсенділікті, отаншылдықты, ұлтжанды адамгершілікті аңсайды. Бейбіт өмір сүргенге не жетсін? Қарапайым талап қоюдан, үкіметке өтініш білдіріп, қымбатшылық құрығынан құтқаруды сұраған қарапайым халықтың бейбіт шеруін теріс ағымдар, лаңкестер, есіргендерге ерген жастар, пиғылы бұзық бандиттер, қанпезер бұзақылар арандатып, елімізге ойран салды. Мемлекетімізге қаншама шығын келтіріп, көптеген әсем қалаларымыз қирап, құқық қорғау органдарының тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлері мерт болды. Тарихымыз анықтағандай «мың өліп, мың тірілген» ұлтпыз. Рухы күшті, рухы мықты халықпыз. Тар жол тайғақ кешу кезеңдердің барлығында да осы рухымыз жасымады. Қайсарлық, күш- қайратымыз қайралып, қиындықтарға төзіп, табандылық жасап, жаудан тайсалмайтын мінез көрсеттік.

Қазақ елі ауызбіршілік, бірлікпен ынтымақтың үлгісін танытып өзінің тұтастығын сақтап қалды. Елімізде орын алған оқиға барысында да қазақ халқы осындай көркем, батыл да батыр мінез-құлқын көрсете білді. Олар өз биігінен аласармады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін оң қабылдап, Президентің ақыл-парасатын, ұстанымын қолдады. Тәуелсіздігімізге төңген қауіпті ішкі-сыртқы жаулардан, лаңкестерден тазарту, оларды жою мақсатындағы шешімдері халық көңілінен шықты.
Сонымен қатар, Президенттің еліміз де халықтың әл-ауқатының жақсаратыны қымбатшылыққа тұсау салынатындығы, жемқорлық пен озбырлық кісенделіп, экономикамыз дамып, мәдениетіміз өркендеген алдыңғы қатардағы демократиялық мемлекеттер сапында боламыз деген жалынды сөздеріне сендік. Бізді қиын сәттегі Президентіміздің жасымаған жігері, батыл қадам, алдағы жаңа жоспарлары қуантты. Соңынан халық еретіндігін, Қазақстан халықтарының шын жанашыры екендігін білдірді. Президенттік антына адалдығын танытты.
Ол Қазақстанды, тәуелсіз елімізді бір қырғыннан, соғыстан десек те болатын апаттан құтқарды. Қазақ елі егемендігін сақтап қалды. Теріс ағымдардың көзі жойылды. Халыққа тыныштық керек. Арамызға кіріп кеткен көптеген діни теріс ағымдар жау боларын кім білген? Өз халқын қорғау – мемлекет пен үкіметтің ісі. Қара халық еліміздің қорғаушы солдаттары. Болған оқиға оны дәлелдеп берді. Халық мемлекет жағына шықты. Билік пен халық бірін-бірі сағынып құшақтасқандай болды. Бұл жақсылықтың нышаны. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын халықтың бірлігіне ешқандай күш, арам пиғыл төтеп бере алмайды. Халықтың арманы – қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шындық пен адалдықтың, арамдық пен жамандықтың ара-жігін ажыратып, халықтың өршіл талабына жауап үн қатты. Президент халқына сенеді, халық Президентіне сенеді. Бүкіл Қазақстанда қоғамдық тәртіп орнатылды.
Еліміздің қауіпсіздігін сақтауда тәртіп сақшыларына қоғамдық сақшылар көмекке келіп, бейбіт өмірдің берекесін келтірді. Аудан ақсақалдары осы тұста аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жанқиярлық еңбектері үшін ақ баталарын береді. Қазақ халқы тарих алдында жерге қараған емес. Мемлекеттің шырқын бұзған лаңкестер, бұзақылар мен сыртқы жаулардың Алла жазасын тартқызды. Ел Президенті бас болып, елімізде Конституциялық заңдылық орнатты. Осы оқиға кезінде аудан әкімі Н.Әскербекұлының аудан тұрғындарымен бірге болып, ардагерлермен ақылдаса отырып, бейбіт шеруге қатысушылармен мәмілеге келіп, жағдайды ушықтырмаудағы еңбегін де айтқанымыз жөн. Аудан бұл сында тұрақтылық таныта білді. Халық пен биліктің бағыты бір нүктеде тоғысты.
Өркен Исмаил,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
ҚР журналистер одағының мүшесі
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
ҚР журналистер одағының мүшесі