БЕС САУСАҒЫНАН БАЛ ТАМҒАН
Бүгінде кәсіпкерлікті тіршілігінің тұтқасына айналдырған жандар аз емес. Біздің қоғамда қандай қандай іспен айналысып, қандай кәсіп ашамын десеңіз де оған зор мүмкіндіктер қарастырылған. Әрі мемлекет берген мүмкіндікті оңтайлы пайдаланып, бизнесте жолы болып жүрген жастар да көп. ƏӘсіресе, кейінгі жылдары бұл салаға бет бұрғандардың арасында нәзік жандылардың үлесі артып келе жатқандығы көңіл қуантады. Солардың бірі – аудан тұрғыны Сандуғаш Абдумукаримқызы. Бес саусағынан бал тамған кейіпкеріміз бүгінде кәсібінен нәсіп тауып отырған жандардың бірі.
Бала би ауылында 1994 жылы дүние дидарына келген кейіпкеріміз бүгінде Телікөл ауылының үлгілі келіні. Олай деуімізге себеп көп. Өйткені, ол бүгінде аядай ғана цехтан өз нәпәқасын тауып отыр. Оның тігінге деген махаббаты бала күнінде басталған. Тігінші болуды арман еткен Сандуғаш мектепті бітірген соң, Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық коледжіне оқуға түседі. Ол сол жерде «тігінші» мамандығы бойынша екі жыл он айдың ішінде арнайы білім алып шығады. Білім ордасын тәмәмдағаннан кейін, өзі оқыған жер оның тігінге деген ерекше қабілетін байқап, жұмысқа қабылдайды. Сандуғаш сол жерде тура бір жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинайды. Одан кейін, Қызылорда қаласындағы тігін цехына жұмысқа қабылданып, бұл жерде екі жылдай жұмыс істеген соң, мектеп оқушыларына арналған киімдер тігуді қолға алады. Уақыт өте келе, ою-өрнекпен өрілген, кестемен көмкерілген ұлттық үлгідегі киімдерді арнайы тапсырыспен тіге бастап, табыс табуды бастайды. Аяулы жар, үлгілі келін тігіншіліктің қыр-сырын әбден меңгерген соң, мекмлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, жуырда ғана қайтарымсыз 580 мың теңгелік грантқа ие болады. Осылайша, жас кәсіпкер өз жұмысын көпшілік алдында қорғап, мемлекет тарапынан бөлінген ақшаға жаңа технологияның үлгілеріне сай тігін машиналарын сатып алады. Бүгінде қыз ұзату, құда түсу, бесікке салу, тұсаукесер, үйлену тойы рәсімдері Сандуғаштың тұрақты табыс көзіне айналған.

– Мен бала күнімнен тігінге құмар болып өстім. Тігіншілік менің бір хоббиым іспеттес. Бұл іс жаныма рахат сыйлайды. Қазіргі таңда мен бір қыздың анасы, бір әулеттің келінімін. Өздеріңіз көргендей, ауылдан ашқан аядай цехым бар. Оның өзі мен үшін үлкен жетістік. Бұл ісімді мемлекет тарапы да қолдап, қайтарымсыз қаражат бөлді. Әрине, ол ақша маған маңдай термен келді. 21 күн бойы онлайн курстан өттім. Кейін, бизнес-жоспарымды әзірлеп, сертификат алдым. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жобамды сәтті қорғап, 580 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Мемлекеттің қолдауының арқасында ауылдан кішігірім цехымды ашып, жұмысымыды жүргізудемін. Цехтың ашылу салтанатын да өткіздік. Игі бастамамды Телікөл ауылының әкімі қолдап, тұсауын өзі кесіп берді. Айтар алғысым шексіз. Қазіргі таңда мен де үйде отырған жас анамын. Үйде отырып қана қоймай, табыс тауып, жас кәсіпкер болғаным үшін қуанамын. Маған тапсырыс беруге өзім тұрып жатқан ауыл тұрғындары ғана емес, ауданнан тіпті қаладан да келеді. Қазіргі таңда мен құрақ көрпешелер, көрпелер, жас келіншектерге арналған сәндегі орамалдар мен қамзолдар тігіп жүрмін, – дейді жас кәсіпкер.
Ұлы Абай, «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек… Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың төресі сол» деп өсиет еткеніндей, қолынан іс келетін, өнерлінің тасы өрге домалайтыны анық. Бұған Сандуғаштың еңбегі дәлел.
Сымбат Сұлтан