Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Орамжапырақ – көкөністің ішіндегі ең пайдалысы

Орамжапырақ – көкөністің ішіндегі ең пайдалысы

Көкөністің ішіндегі ең пайдалысы әрі арзаны, жыл он екі ай тағамға қосуға болатын түрі – бұл орамжапырақ. Ол қан-жүрек ауруларының алдын алу мен жалпы денсаулықты жақсартуға өте пайдалы. Бұл пікірді айтқан – жапон ғалымдары.
Жапон ғалымдарының айтуынша, орамжапырақтың бойында К дәрумені көп мөлшерде болатын көрінеді.
"К дәрумені қан түйіршіктерінің қызметін күшейтеді. Яғни, жарақат алғанда қан тоқтатуға, жараның тез жазылуына әсер етеді", - дейді ғалымдар.
Орамжапырақтың тағы бір қасиеті – қан айналымы мен жүрек соғысын жақсартатыны, жүрек ауруларының алдын алатыны. Құрамындағы фосфор, магний мен калий сынды минералдар жүрекке өте пайдалы.
Сондай-ақ, орамжапырақтың құрамында кальций мол болады. Ол ағзаның құрылыс материалы саналады. Тіс пен сүйекті қатайтады.
Табиғатта орамжапырақтың түрі көп. Әр елде әртүрлі. Бірақ бәрінің қасиеті бір. Әсіресе, жасыл шөпке ұқсас түрі пайдалырағы деседі. Өйткені оның құрамында бета-керотин, А дәрумені бар. Бұлар көздің көруін жақсартып, иммунитетті күшейтеді.


https://massaget.kz




22 желтоқсан 2021 ж. 691 0