Тұрандағы байырғы шеберхана немесе дүкеннен тараған ізгілік амал
Дүкен атауын естігінде ойымызға алдымен сауда нүктесі елестейтіні бар. Бірақ, бұл атаудың бұрын мүлде басқа мақсатта қолданылғанын көпшілігіміз біле бермейміз. Ақсақалдардың айтуынша, дүкен – байырғы кездегі темірші ұсталардың жұмыс істейтін және құрал-жабдықтарын сақтайтын үйі, ұстаханасы болған көрінеді. Ондай үйді кей жерлерде «көрік үй» деп те атаған.
Жұмысын бастар алдында ұста дәрет алып, Дәуіт пайғамбарға сыйынып іске кіріскен. Зергер, ұсталар кейбір жағдайларда өз бұйымдарын есікті жауып алып, ешкімге көрсетпей жасаған. Өйткені, олар жасап жатқан затты біреу-міреу көріп қойса, ол бұйым (мысалы, қылыш, білезік т.б.) киесінен айырылып, қасиеті төмендейді деп түсінген. Дүкендегі көріктің «боғын» (қалдығын) сұрап алып, суға салып жуынса, шошыну мен денеге шыққан бөрткенге шипа болады деп санаған. Босанарда ауырып, шалық тиген әйелдерді ұста дүкеніне әкеліп түнеткен, төске тәу еткізген.

Дәл осындай шеберханалардың бірі, қазір Тұран деп аталатын киелі мекенде жылдар бойы жұмыс жасаған деседі. Шеберхана Совет одағы тұсында Жылқайдар атты азамат пен Мақұлбек Сәрсеновтың бастамасымен құрылған. Яғни, шеберхана (дүкен) колхоз құрылған шақтан бері елдің әл-ауқатын жақсарту мақсатында игі жақсылар мен мықты мамандардың басын тоғыстырған. Бұл туралы ауыл ақсақалы Әбдімәжит Байдүйсенұлы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, шеберхана сонау Төңкеріс колхозы құрылғаннан кейін, яғни 1928 жылдары жұмысын бастап, 2017 жылға дейін өнімді қызмет атқарған. «Төңкеріс колхозының шеберханасы» деп аталып, онда шеберлер: станок, сварка, автоген сынды қажетті құралдармен жұмыс жасаған. Тіпті, аудан мен өзге ауыл тұрғындары келіп, шеберхананың қызметін пайдаланған екен.
Өзінің шеберханамен байланысын Әбдімәжит Байдүйсенұлы былай есіне алды:
– Менің әке, шешем осы шеберханада жұмыс істеді. Өзім мен келіншегім, балам да осы жерде жұмыс істеді. Кезінде өзге қалаға арман қуып кетейін деп тұрғанымда әкем «дарақ бір жерден көгереді балам», – деп алып қалған болатын. Содан бері осында инженер, шеберхана меңгерушісі секілді түрлі қызметтер атқардым. Есептеп қарасам, 40 жылдай жұмыс істеппін. Аллаға шүкір, осында өсіп-өндім, тамыр жайдым. Ойлап қарасам, 1928 жылдан бермен қарай осы шеберханада істеген 40-тай адам өмірден өтіпті. Сондықтан осында бұрын қызмет істеген азаматтарға арнап неге құран бағыштап, ас бермеске деген ой келді бір сәтте. Сөйтіп, өзге көзі тірі азаматтармен ақылдаса келе, аздаған қаражат жинап, орталықтағы Парманқұл Есенбайұлы атындағы мешітте құран оқытып, ас беруді ұйғардық. Сөйтіп, ірі қара сатып алып, мешітте үлкен ас бергіздік.
Ал, Әшірбек Шейітмағанбет болса, шеберхана туралы естеліктерін былай жеткізді:
– 1928 жылы колхоз ұйымдасқан. Ұжымда Соқа Сайманов деген кісіден бері көптеген азаматтар жұмыс жасаған. Олар ел, жалпы аудан экономикасын көтеруге ат салысқан. Көрші колхоз, совхоздарға жеткізілетін өнімдерді өндіретін ұн тартатын диірмен осы совхозда ғана болды. Сонда Бектас ағамыз бен Энерст көкелерімізге келіп, диірменнің жұмысын жүргізген. Және Еңбекші, Ақтоған ауылдары бидайларын ұн қылып тартқызып кететін. Аудан бойынша поездті тартатын Паровоз осы ауылда болғандықтан, 1949-1950 жылдары әкеліп, орналастырып елге жарық берген. Бір дүкеннің алдында бүкіл ауыл пайдаланатын арбаны да қолдан жасап қоятынбыз. Кімге керек жұмысын бітіріп, қайта әкеп қоятын. Қазіргідей техникалар жоқ болғандықтан, 20-30 шақырым жерден сексеуіл әкеліп, күн көретінбіз. Сондықтан, өгізге жететін мойынтұрықты да қолдан жасайтын едік. Ауылдың жанашыр азаматтары елді осылай асырады. Ол уақытта ауылдың атауы – «Үлгілі» деп аталатын. Әр шебердің өзінің міндеттері болды. Бір-біріне қарап жатпады. Ең өкініштісі өз еңбектеріне алғыс ала алмай кетті. Осы өмірден өткенше ізденіп, халықтың қамы үшін аянбай еңбек еткен асылдарымыз өз уақыттарында еленбеді. Ендігі жерде осы кісілердің аруағына құран бағыштауға ниет етіп, бір міндетімізді орындасақ деген арман болды.
Шеберхана ұсталары ел жадында
Ақсақалдар «Құран бағыштаудағы негізгі мақсатымыз – әруақтардың атын атап, еткен еңбектерін кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру болып табылады. Сондықтан, олардың атын атағанымыз жөн болар» – деп, ұсыныс айтты. Біз де мұны дұрыс көріп, шеберханада қызмет істеген, қазір өмірден өткен азаматтардың есімін көрсетуді жөн көрдік. Атап айтқанда, Жылқайдар атамыз, Мақұлбек Сәрсенов, Бодық Түлкібай, Халық Құндызбаев, Баттал Қожахметов, Қубай Мәмбетов, Сәдібек Ахметов, Үсенбай Бимұратов, Байдүйсен Таркешов, Жұпаркүл Таркешова, Хамитбек Алдажұманов, Мұзафар Жағыппаров, Дәріш Әлімқұлов, Әлайдар Жүрімбаев, Дариға Мұсаева, Әлиасқар Есетов, Арысбек Оралбаев, Уәлихан Әлімбетов, Орынбек Бодықов, Бектас Құндызбаев, Эрнест Қодаманов, Есенгелді Оралбаев, Әшірбек Қиянбеков, Ерзақ Бектаев, Тәжік Жақыпов, Бакром Дәрішұлы, Бимұратов, Сейтмұхан Төлегенов, Әбдіғаппар Тәтібеков, Нұрділдә Нұрышов, Қолдас Әбдиев, Амангелді Омаров, Сағындық Баймбетов, Сидан Жолдиев, Диін Тұрсынов, Жүнісбек Нәлібаев, Бисенов, Серікбай Оралбаев, Әділбек Бижанов, Бейсенбек Қарекеев, Әбділдә Ахметов, Нұрдин Жақиев, Мүсірсек Әбсадықов, Рахмет Пірімжанов, Әбдіхалық Байдүйсенов, Қамбар Күлпейісов, Тұрсынқұл Молдабеков, Асанхан Шадиев. Міне, аталған азаматтарымыз кезінде шеберханада көптеген жылдар бойы қызмет істеген.

Бүгінде көзі көріп, алдынан өткен шәкірттері Әшірбек Шейітмағанбет. Таркешов Әбдімәжит, Әлімбев Ермағанбет, Шахаев Айтбек, Батталов Мұрат, Үкітаев Тимур және тағы басқалары Тұран ауылдық округіндегі үлкен мешітте аруақтарға арнап ас берді.
Ел – ерін тануы тиіс. Жастарға берері мол осындай тағылымды әңгімелер мен сұқбаттарды жүргізе отырып, насихатталса ауылдың ардақты есімдері өшпек емес. Осыны бойына сіңіріп өскен, тарихын жетік білген ұрпақ Отанының жанашары болатын, өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын, дені сау әрі білімді болып тәрбиеленетініне сенім мол.
Рамазан ӘНӘПИЯ