Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағанды облысында тегін дүкен ашылды 

Қарағанды облысында тегін дүкен ашылды 

ÒаÑаÒÐ°Ð½Ð´Ñ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда ÑегÑн дүкен аÑÑлдÑ

Қарағанды облысының Шет ауданында әлеуметтік дүкен ашылды. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар азық-түлік пен киім-кешекті тегін ала алады. Аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылы бойынша қазір 30 жанұя осындай көмекке мұқтаж. Олар әуелі әлеуметтік қорғау бөліміне барып, арнайы талон алады. Сол арқылы дүкеннен сауда жасайды. Ай сайын әр отбасына 40 келіге дейін азық-түлік алуға болады. Бір қап ұн, картоп, макарон өнімдері, тағы басқа күнделікті тұтынатын тағамдар. Мұнда киім-кешектің де сан түрі самсап тұр. «Дүкен қожайындары әзірге 5 айға жететін қор бар», – дейді. Ал дүкенде жоқ керек заттарды тұрғындар журналға тіркеп кетеді. Оны бір аптаның ішінде тауып бермек. Игі шара осы өңірдегі кәсіпкерлер мен жомарт жандардың көмегімен жүзеге асырылып отыр. Жуырда дәл осындай тегін дүкен Ағадыр, Мойынты, Сәкен Сейфуллин елді мекендерінде ашылмақ. Индира Берікбосынова, көп балалы ана: - Әр балаға аяқ киіммен, үстіне киетін сырт киіммен және тамақпен қамтамасыз етеді. Ризамыз, алғысымыз шексіз. Дәл бүгін жанымда тұрған 4 жасар қызыма үстіне күрте алдым, аяғына мынадай аяқ-киім алдым.
www.24.kz
29 наурыз 2019 ж. 980 0