Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауын шыбыны қауіпті зиянкес

Қауын шыбыны қауіпті зиянкес

      
    Күресу шаралары:
Ересек шыбындар ұшып жүреді әрі жылдам қозғалып отырады, жұмыртқалары мен дернәсілі жемістің ішінде, қуыршақтары топырақта болады. Тиісінше қауын шыбынының көбеюінің алдын алу мен олармен күресу шараларын жүргізу кезінде осы жағдайларды есепке алу қажет. Тамыздың соңында қыркүйектің басында пайда болған қауын түйнектерінің көпшілігі толықтай пісіп үлгермейді. Зиянкестің осы жемістерде жұмыртқалайтынын ескере отырып, диқандардың егіс алқаптарында қалған өнімді дернәсілдер шыққанға дейін толықтай жинап алып, 50-100 см тереңдікке көміп тастау керек. Мұндай алқаптарда келесі көктемде ересек шыбындардың ұшып шығуы байқалмайды, зиянкестер егістікте кеш пайда болады, тіпті келесі өсіп-өну кезеңінде аз мөлшерде дамиды. Ересек шыбындар негізінен күндіз ұшады, кешке қарай олар жапырақтарда жасырынадыда, түні бойы қозғалмай отыра береді. Зиянкестің осындай ерекшеліктері ескеріле отырып, ересек шыбындарға қарсы «ҚР аумағында қолданылуға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне» өндірілген препараттармен өңдеуі тиіс.
           Агротехникалық шараларды жүргізу тәсілі:
           Қауын егілген жерлердегі барлық қалдықтарды (жапырақ, сабақ, түйнек т.б) жинап өртеу, көму. Қауыннан босаған жерлерде міндетті түрде сүдігер жырту. Жаңадан қауын егілген жерлерді былтырғы қауын шыбыны байқалған жерлерден 20 км кем болмайтын қашықтыққа орналастыру. Қауын шыбынына төзімділік таныта алатын сорттар таңдау. Көктемде ауа-райын жіті бақылай отырып, қауынды барынша ерте егіп жіберу. Қауын шыбыны қауынмен қоса қарбызды, асқабақты, қиярды зақымдай алатынын естен шығармау керек. Үй іргелік жерлерде егілген қауынның орнын соқамен немесе қолмен міндетті түрде аудару, қауын шыбыны байқалған атыздарды көлдетіп суға бастыру. Дұрысы биыл қауын шыбыны байқалған жерлерге, келесі жылы басқа дақыл егіп жіберу.         
М. Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының
                                      бас маман өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы
09 желтоқсан 2021 ж. 798 0