Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеті тұғыр жетістікке жетелейді

Жеті тұғыр жетістікке жетелейді

«Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту – біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға негізделген және тұтас қоғамның мүддесіне сай келетін саясат жүргізуде». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Елбасы партия төрағасы өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстау туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары ең алдымен Тәуелсіздіктіктің қастерлі құндылық екенімен басталады. Тәуелсіздіктің 30 жылында 10 млн-ға жуық жас өмірге келген екен. Осы ұрпақ Қазақстанның келешегі мен дамуына жауапкершілікпен қарауы, ұлтқа қызмет етуге мүдделі болуы керек. Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын әріппен жазылары анық. Бүгінде бірікен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша 193 мемлекет болса, жер бетінде 2 мыңнан аса ұлттар мен ұлыстар бар екен. Біздің өз мемлекетіміздің, өз жеріміздің болуы, Көк Туымыз бен Әрұранымыз – осы тәуелсіздіктің арқасы. Екінші қағидат – бірлік пен келісімді сақтау. Халқымыз әрқашан «төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау араз болса – ауыздағы кетеді» деген емес пе? Қанша қиындыққа кезддессек те қоғамдағы бірліктің арқасында еліміз бүгінгідей жетістіктерге қол жеткізді. Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, алтын қазынамыз – кең байтақ қазақ жері. Елбасы Алтайдан Атырауға дейінгі жерімізді ұстап, көздің қарашығындай сақтауды үшінші қағидатта атап өтті. Ұлттық мәдениет пен руханилық, білім мен еңбек, прагматизм – бүгінді жастардың тәрбиесінде басымдыққа алатын бағдарымыз.
Осы ретте, менің азаматтық пікірім отбасы институтын нығайтып, салт-дәстүрімізді, қазақы тәрбиемізді жастардың, отбасылардың бойына сіңіру. Елбасының қоғамдағы отбасының рөліне ерекше мән беруі ұнады. Бүгінгі күні өзекті проблемалар, ажырасу, зорлық-зомбылық, әлеуметтік жағдай, суицид сынды проблеманың бәрі отбасыларда туындап отыр. Сондықтан, отбасы институтын дамыту бұл кезек күттірмейтін мәселе. Бір ұлттық тәрбиені насихаттайтын адамдардың пулын құруымыз керек.
Тағы бір басымдық мәдениетке беріліп отыр. Бұл да өте орынды бас­тама. Себебі, рухани мәдениеті жоқ елдің болашағы да жоқ. Ұлттық тарих, әдебиет, мәдениетті жаңғырту өркениет көшінде жұтылып кетпеудің кепілі. Осы ретте, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты ретінде ауданда ауқымды істер атқарылып, игі жұмыстар істеліп келеді. Оған бәріміз куәміз. Ары қарай да жүйелі жұмыстарға сенеміз.
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидалар жинағы әрбір мекемеде, білім беру орындарында, тәрбие беру орталықтарында, жалпы әр отбасында қолданылуы тиіс. Бұл азаматтардың бойына рух, отансүйгіштік, отбасы сүйгіштік, тарихын, мәдениентін тануға жетелейтін қасиеттерді қалыптастыратын құжат. Ұрпақ тәрбиесі, ұлт тәрбиесіне келгенде әрқайсымызда жауапкершілік жатыр. Сондықтан, Елбасының бастамасын алдағы даму жолында оңтайлы ұстануымыз керек.

Гүлмира Жаңабаева,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының ­директоры, аудандық мәслихат
депутаты
07 желтоқсан 2021 ж. 639 0