ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ

Қолданыстағы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабының талаптарына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «Электронды үкімет порталы» арқылы жүргізуге болады.
Төменде көрсетеліген қызмет түрлерін электронды түрде тапсыруға болады:
1)акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2)басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
3)Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
4)жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
5)шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
6)экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
7)саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі.