Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Pfizer екпесін ақылы түрде салғызуға кезек басталды

Елімізде Pfizer екпесін ақылы түрде салғызуға кезек басталды

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде егу басталды. Кезекке 600-ге жуық адам жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Вакцинаның құны әлі белгісіз. 
Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, көрсетілген санатқа жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтарға Алматы қаласында төменде көрсетілген 3 емханада ғана жүзеге асырылады:
  • №5 қалалық емхана мекен-жайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141, Байланыс телефондары: 8 (727) 344-98-04 немесе 8-707-101-28-93, 8-707-931-92-63 (WhatsApp).
  • №7 қалалық емхана мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бұқар жырау көшесі, 14, Байланыс телефондары: 8 (727) 376-33-99 немесе 8-701 — 111-61-81 (WhatsApp).
  • №5 қалалық клиникалық аурухана мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220, Байланыс телефондары: 8 (727) 264-72-64 немесе 8-701 — 719-10-38 (WhatsApp).
№5 қалалық емхананың мәліметінше, қазір Pfizer екпесін 160-тан аса адам сатып алғысы келеді. Ал 500-ге жуық сатып алушы № 7 емханаға жазылып қойған.
Айта кетсек, бұған дейін Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынаты туралы айтқан болатынбыз. 


https://stan.kz​​​
04 желтоқсан 2021 ж. 224 0