Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЗ УАҚЫТТА ІРІ КӘСІПКЕРГЕ АЙНАЛҒАН ШИЕЛІ ТҰРҒЫНЫ

АЗ УАҚЫТТА ІРІ КӘСІПКЕРГЕ АЙНАЛҒАН ШИЕЛІ ТҰРҒЫНЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Бүгінгі таңда бөлінген қаржы әлі бармай жатқан салалар бар. Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды. Сондықтан, микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі», - деп микроқаржы ұйымдарының әлеуетін толықтай пайдалану керегін айтқан болатын.
Шынында да, микроқаржы ұйымдарының негізгі мақсаты кәсіпкерлерді қаржыландыру, банктерден кредит алуға мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлерді қолдау, өз бизнесін жаңадан ашқысы келетін азаматтарды қаржыландырып, қолдау көрсету болып табылады. Негізінен микроқаржылық ұйымдар елімізге 1996 жылдан бастап келе бастапты. Дегенмен, елімізде оларды реттеуге арналған заң қабылданбағандықтан оның пайдалы тұстарын азаматтар бірден аңғара қоймаған. Сол жылдардан бастап, елімізде көптеген микроқаржы ұйымы тіркеле бастағанымен, халық үшін жұмыс атқарып жатқандары саусақпен санарлық. Солардың қатарына «KMF» микроқаржылық ұйымын жатқызуымызға болады.
Нарыққа 24 жыл бұрын келген ұйымның осы уақытқа дейін кәсіпкерлерге берген несие көлемі 140 млрд теңгеден асып жығылады. Ал, оның басым бөлігі яғни, 68 пайызы – өзіміз секілді ауыл-аймақ тұрғындарына берілген. Қазіргі таңда, KMF-тің Қазақстан бойынша 110 кеңсесі жұмыс істеп, 4000-нан аса елді мекенді қамтып отыр.
KMF – Қызылорда облысына 2006 жылдың наурызында келіп, биыл жұмыс жасап жатқандарына 15 жыл уақыт болып қалыпты. Ал, облысымыздағы аудандар арасында алғашқы филиалалы басқа емес, дәл осы Шиелі ауданында ашылған болатын. Қазіргі уақытта филиалдың бөлім басшысы болып Данияр Бақтиярұлы қызмет етуде. Оның қарамағында 11 сарапшы маман іскерлікпен, адамгершілік қасиеттерді ұштастыра отырып жұмыс жасауда. Соның бірі микроқаржылық ұйымда бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан сарапшы маман Мағжан Жүнісов. Бүгінгі мақаламыз дәл осы маманның іскерлігіне, микроқаржылық ұйымның түрлі кәсіпкерлерге көрсеткен көмегіне арналмақ.
KMF-тің көмегімен кәсібін өрге домалатқан Шиелінің нәзік жанды кәсіпкерлерінің бірі – ­Динара Абдуллаева. Алтын әшекей бұйымдарын сатумен 10 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан кәсіпкердің айтуынша, КМҒ микроқаржылық ұйымына жолыққанға дейін оның жеке дүкен ашуға мүмкіндігі болмаған. Ойлана келе екінші деңгейлі банктерді емес, дәл осы микроқаржылық ұйымнан көмек сұрауды жөн көріпті. Бұл таңдауын ол сарапшы мамандардың жылдам жұмысы мен ұйымның сұратқан құжатттарының аз болуымен байланыстырады. Сөйтіп, Динара 2020 жылы желтоқсанда KMF-тен 10 млн теңге алып, дүкенін ашқан. Бұл қаражатты жарты жылдың ішінде қайтарып, екінші мәрте 10 млн теңге алған. Енді 20 млн теңге алып, кәсібін одан әрі кеңейту мақсатында KMF-пен жұмысын жалғастырмақ ниетте.
«Қазіргі таңда 4 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алтын сататын дүкенді ашып, ісімді өрге домалату үшін КМҒ-тің көрсеткен қолдауын әркез таныстарыма айтып жүремін. Онда көп құжатты әзірлеп, ұзақ уақытты құртпайсың. Барлығы жылдам, әрі қолжетімді. Алдағы жос­парым, тағы да микрокредит алып, Түркиямен байланыс орнатып, көтерме бағада алтын әкеліп сату, осының барлығы KMF-тің көмегінің арқасында. Негізі өз басым KMF Шиеліде ашыла салғаннан бастап клиентімін, Шиелідегі ең бірінші клиенттерінің бірімін дей аламын», – дейді кәсіпкер.
Әңгіме барысында кәсіпкер қуанышты жаңалығымен де бөлісе кетуді жөн көрді. Оның айтуынша, ол қазір кешен тұрғызып жатқан көрінеді. Құрылысы аяқталса, 15-20 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздейді. Ал, жаңадан кәсіп ашқысы келетін адамдарға ­Динара Абдуллаева «Жаңадан кәсіп ашқысы келетін адамдарға, оның ішінде несие алып кәсіп ашудан жүрексініп жүрген азаматтарға айтарым, ешқашан қорықпаңыздар. Көбі несие алып кәсіп ашсам, өзім банктің пайдасына жұмыс жасаймын деп ойлайды. Ол негізінде дұрыс түсінік емес. Мен мысалы, не жасасам да алдымен бәрін жоспарлап, қағазға түсіріп аламын. Әр қадамыңды аңдап бассаң, кез келген кәсіп өз нәтижесін береді», – деп өмірлік тәжірибиесімен бөлісті. Әрі KMF-тің сарапшы мамандарына, оның ішінде Мағжан Жүнісовке шексіз алғысын жеткізді.

РАМАЗАН БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
05 қараша 2021 ж. 1 408 0