Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз күтіледі

Алдағы үш күнде Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз күтіледі

«Қазгидромет» РМК алдағы 3 күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі — жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. 3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі — солтүстік-батыста түнгі температура 5...15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аязға дейін, оңтүстікте 3...13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.

https://www.inform.kz




01 қараша 2021 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031