Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар қорытындыланды

Қызылордада Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар қорытындыланды

Қазақ педагогикасының негізін қалаушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойының қорытынды кеші өткізілді.
Бұған дейін ұлт ұстазының есімін қастерлеу мақсатында өңірлер арасында алғашқылардың бірі болып аймақта 10 күндік іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Соның ішінде №10 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында ZOOM платформасы арқылы Қостанай қаласы, Жанкелдин ауданында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық-мемориалды мұражайына онлайн-саяхат өткізіліп, «Алтынсарин» төсбелгісін иеленген ұстаздар тәжірибе алмасу мақсатында сабақтар өтті.
«Барлық кедергілер мен қиындықтарға қарамастан, қазақ халқының зерделі ұрпағын тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен Ұлт Ұстазын біртұтас ұлт болып ұлықтау – ең алдымен біздің, яғни педагогтардың басты парызымыз. Алғаш қазақ мектебін ашқан Алтынсарин атын ел есінде мәңгі қалдыру үшін елімізде оқу орындары мен мекемелерге, көшелерге аты беріліп, мұражай-үйі ашылды. Біздің облыстың өзінде 3 білім беру ұйымы Алтынсарин атымен аталынды. Біз осы атқарылып жатқан жұмыстар арқылы қай кезде де ұлы тұлғалар аманатына адал екенімізді, Алтынсарин мұраларын қадірлеп, қастерлеу әрбіріміздің перзенттік парызымыз екенін айтқым келеді», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Алтынсарин мектептері желісінің қатысуымен республикалық тоғызқұмалақтан жарыс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері мен жас ақындардардың, жас мұғалімдер арасында мүшайра мен дебат, сахналық қойылым, мәнерлеп оқу, ғылыми жобалар сайыстары және волейболдан турнирлер өткізілді.
Салтанатты жиында Ақзира Бақтыбайқызы ұлағатты ұстаздың мерейтойын ұйымдастыруға атсалысқан және білім беруде жетістікке жеткен Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің мұғалімдеріне облыс, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, онкүндік аясында ұйымдастырылған сайыстардың жеңімпаздарын марапаттап, бағалы сыйлықтар мен қаржылай сертификаттар табыстады.
Шара соңында Алтынсариннің өмір жолынан үзінді көрсетіліп, қазақтың ұлттық биі мен әні орындалды. Мерекелік шараға қатыстқан ұстаздар мен қонақтар рухани азық алып, ақ тілектерін арнады.


https://kyzylorda-news.​​​
25 қазан 2021 ж. 716 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 125

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031