Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 қазанға арналған ауа райы болжамы

20 қазанға арналған ауа райы болжамы

20 қазан күні еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты жаңбыр күтіледі. Батыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Сондай-ақ елдің батысында және шығысында тұман болжанады, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен батыста екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с артып, түнде батыста және оңтүстікте тұман қалыңдай түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз Қостанай облысының батысында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады.


https://egemen.kz​​
20 қазан 2021 ж. 613 0