Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. «Республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың тек батысына және оңтүстік-батысына  солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде және орталығында тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауыл соғады,  15-20 м/с жел күшейеді, таңертең және күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарда найзағай бақыланады.
Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болып, түнде және таңертең шығысында тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

https://egemen.kz​​​

30 қыркүйек 2021 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031