Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Циклон әсерінен ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Қалған аумақта антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде жел соғып, солтүстігінде тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, тұман түседі, түнде оңтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 дейін, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының  солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 2 градус үсік сақталады.
«Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.    


https://egemen.kz


16 қыркүйек 2021 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031