Жауапкершіліктің жүгі ауыр
Жауапкершілік. Түсінген адамға жүгі ауыр сөз. Ең әуелі адам бол деп тәрбиелеген ата-ана баланың бойына адамгершілік, адалдықты үйретеді. Өсе келе жауапкершіліктің не екенін сезіндіру үшін, кішігірім жұмыстарды тапсыра бастайды. Алайда, жоғарғы оқу орнын бітіріп, жұмыс іздеген балаға «Қалайда бір мекемеге бас сұғып ал, басшылармен жақсы бол дәрежең өседі» деген қисық ақылды санасына құйып жібергендерді де байқадық.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп жырлаған Абайдың әрбір сөзі білгенге маржан. Еңбек, адамдық пен адалдық турасында бүгінгі қоғамның болмысын дөп басып айтқан да осы Абай. «Ауырдың үсті, жеңілдің астымен» жүруді жөн көретін жандардың дәурені әлдекімді мақтанға салып, басшысын баптаумен өтуде. Өйткені, біз солай тәрбиелеудеміз. Бұлай деуіміз жәй емес. Қоғамдық көлік ішіне жайғасқан апамның әңгімесінен шықты. Ұялысын құлағына жабыстырып, баласымен сөйлесіп келеді. «Әй, несіне уайымдайсың? Сол жұмысқа басыңды бір сұғып алсаң болды ғой, көптің арасында жүресің ғой» дейді-мыс. Осыдан соң жұмысқа деген жауапкершілік қайдан болсын? Мәселен, бай туысыңыздың 3 түйесін сұрап алып, жүк артып жолға шықпақсыз. Аяқ асты туысыңыз 1 түйесін бере алмайтынын айтып, 2 түйемен жолға шығарды. 3 күнде жетемін деп болжаған жолыңыз 5 күнге ұзарады. Неге? 3 түйеге артылар жүкті 2 түйе арқалап келеді. Діттеген жеріңізге бәрібір жеттіңіз, алайда түйе де сіз де шаршадыңыз. Сол секілді әр адамның өзіне артылар міндет бар. Жауапкершілікті жасынан, жұмысының басынан сезінбеген, жағымпаздықпен жанын семірткен адамдар қоғамға масыл болмай ма? Қаншама істің уақытылы бітпеуі, өзекті мәселелердің сол мезетте шешім таппауына сол бір жанның жеңіл желпі көзқарасы әсер етуі ғажап емес. «Осы күнгі қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, «көре жүр, көздей жүр» деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады», деген хакім Абайдың байламы арада жүз жетпіс бес жыл өтсе де өзгеріссіз қалғанына қайран қаласыз! Сол үшін де хакім: «Әркімді заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, замандастарының бәрі виноват» дейді. Бұл қазіргі қоғамдағы келеңсіздіктер мен болып жатқан жағымсыз жәйттардың барлығының алдында біздің де жауапкершілік үлесіміз бар екендігін көрсетеді.

«Біздің ел – озық 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтып отыр. Бәйгеде арттағы ат топтың алдына шығу үшін барын салады. Ал, ел мен ел жарысқанда озатын ел жанын салады. Осы жан салысып жұмыс істеуге келгенде қаншалықты табандымыз?.. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, осы мәселеде жатыр. Ұлт жаппай еңбекқор болғанда ел еңсесі биіктейді. Ешкім ешкімге алақан жаймайды. Масылдық пиғыл жоғалады» – деп Н.Жүсіп айтқандай еңбек етуге келгенде енжарлық танытпайықшы.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ