Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушы ұстазына қарап, бой түзейді - Махамбет Досмұхамбетов

Оқушы ұстазына қарап, бой түзейді - Махамбет Досмұхамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Мұғалімдер күні. Мерекеге орай Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтауын жолдады.

Құрметті ұстаздар, білім саласы қызметкерлері! Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймын! Бабаларымыз бағзы заманнан-ақ білім-ғылымның маңызын терең түсініп, «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген даналық сөз қалдырған. Ал сол білім-ғылымды жас буынның бойына сіңіріп, ойын өсіру ұстаздарымыздың басты міндеті. Сондықтан сіздер ел келешегін баянды ететін өскелең ұрпақты біліммен сусындатып, тұлға ретінде қалыптастыратын ерекше кәсіп иесісіздер, - деді ол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған ең маңызды басымдықтардың бірі – білім мен ғылымды дамыту. Бұл бағытта облыста іргелі істер істелуде. Жаңа мектептер бой көтеріп, бірқатары жөндеуден өтіп, жаңғыртылды. Білім ордалары барлық қажетті құралдармен қамтылған, білім берудің озық технологияларын енгізу үшін арнайы кабинеттер, зертханалар жасақталуда, - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Оқушыларымыз да үмітті ақтап, 2020-2021 оқу жылы түрлі республикалық, халықаралық олимпиадаларда, басқа да білім сайыстарында жоғары жетістіктерімен қуантты. Құрметті ұстаздар! Алда білім сапасын арттыру, облысымыздағы білім беру жүйесін жетілдіру бағытында зор міндеттер тұр. Оны жүзеге асыруда табысты болыңыздар! Ұлт болашағы үшін жауапкершіліктің жүгін арқалаған ерен еңбектеріңізге ризашылығымды білдіре отырып, қызметтеріңізге сәттілік пен толайым табыстар тілеймін! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! – деп құттықтады облыс әкімі. 
Әкім атағандай, қазіргі заманда білім-ғылымы мықты ұлттың бәсекеге қабілетті болып, көш бастайтынын көріп келеміз. Оқушылар білім мен тәрбие берген ұстазына қарап, бой түзейді, ой түйеді. Бұл – биік мәртебе, әрі зор жауапкершілік.Облыста білім сапасын арттыру үшін үш жылдық жол картасын жүзеге асыру басталғанын айтты.​https://baq.kz​​​
03 қазан 2021 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930