Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Құрметті, қымбатты әріптестер! Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсарин былай деген екен: «Мен үшін бәрінен де жақсы мұғалім қымбат. Өйткені ол – мектептің жүрегі». Дегенмен бізде әр түрлі зәулім мектептер, ғимараттар, керемет құрылғылар болуы мүмкін. Бірақ ең бастысы мықты, өз жұмысын сүйетін және жан-жақты қорғалған мұғалімдер қажет. Сол себепті мұғалімдердің мүдделерін үнемі қорғап, біздің балаларымыз үшін аянбай жұмыс істеуі үшін біз де өз жұмысымызды әрі қарай да жүргізе береміз, - деп айтты ол.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілеймін. Дендеріңіз сау болып, көтеріңкі көңіл-күймен жүре беріңіздер, - деп құттықтау сөзін айтты бас ұстаз әріптестеріне.
Аймағамбетов атап өткендей, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында заң қабылданды. Қазір жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.Еске сала кетейік, министр «Желмая» жобасында қонақ болып, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында сұхбат берді. Ертең сайтымыздан сұхбаттың толық нұсқасын көре аласыздар.
https://baq.kz