Көп тілді білу – жаһандық талап
Тіл құдіреті – ел құдіреті. Тіл бар жерде ел бар, ел бар жерде тіршілік бар, тіршілік бар жерде тарих бар. Ал тарихы тереңге жайылған елдің ынтымағы мен берекесі мығым болмақ. Бір қарағанда осының барлығы тілге байланысты. Сондықтан болар қай ел үшін де тіл аса маңызды. Әрине, өз туған тіліңді құрметтеп, оны жетік меңгерген бәрінен артық. Алайда, өзге тілді де үйрену арқылы білім көкжиегін кеңейту қажет. Бұл дағды бізге беріде келген жоқ. Сонау ұлы ғұламалардың дәуренінен бері жалғасып жатқан ілім мен ғылым. Яғни, адам баласы білім атаулысын игере бастағанда-ақ, ең бірінші, көп тілді меңгеру керегін ұғынып, айтып кеткен. Мәселен, әлемнің екінші ұстазы атанған, түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі Әбу-Насыр әл-Фарабиді айталық. Ол өзінің ізденімпаздығының арқасында 70-ке жуық тіл білген. Тілді үйреніп қана қоймай, оны трактат жазуға, әлемнің сан түрлі құпиясын ашып, зерттеуге арнаған. Осындай білімділігінің арқасында ұлы ойшылдың есімі тарихта ойып тұрып орын алды. Тек бұл ғана емес, өткенге көз жүгіртсек түркі ойшылдарының және қазақтың жарқ еткен жұлдыздарының көпшілігі бір емес бірнеше тілді жетік меңгергенін анықтауға болады. Демек, көп тілді білу біздің санамызға бұрыннан сіңген.
Қазірдің өзінде қанша заман ауысып, ғасыр алмасса да тіл өзінің қадір-қасиетін жоғалтқан жоқ. Керісінше, заман ғарыштап дамыған сайын ол да өз қажеттілігін арттыруда. Бүгінгі таңда «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» деген сөз айнымас қағидаға айналды. Мектеп табылдырығын аттаған әр шәкірт тек ана тілін ғана емес, сонымен қоса орыс және ағылшын тілін де үйренуге асығып тұрады. Ал жастарымыз ше? Білім мен білуге құштар жастар мектеп қабырғасынан түлеп ұшқаннан кейін оқу орнында ағылшын тілі, я болмаса аудармашы және екі шетел тілі мамамндықтарына өз қалауларымен түсуде. Бұдан бөлек айналамызда өз еркімен көп тілді меңгергісі келетін жастар қосымша курстарға жазылып, білімін шыңдауда. Міне, осылайша ағылшын тілін үйренемін деушілердің саны күннен-күнге артуда. Әрине, мемлекеттік тіл ең бірінші орында. Десек те, ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан оған деген сұраныс та, мәртебе де артып келеді. Қазіргі уақытта ағылшын тілін үйренудің талабы жоғары болғандықтан ағылшын тілін тереңнен үйренуге арналған мектептер, гимназиялар, колледждер мен оқу орталықтары көптеп ашылуда.

Еліміздің болашағы жастардың қолында емес пе? Міне, осындайда жастардың заман талабына ілесіп, көп тілді меңгергісі келгенін көргенде еліміздің ертеңі жарқын болатынына сенім нығаяды. Ендеше, «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» демекші ұрпағымыз білімді, озық ойлы болсын десек, ана тілімізбен қатар шет тілдерін де меңгеруді қолға алу қажет. Бүгінде көзді ашып жұмғанша, ғарыштық жылдамдықпен дамып жатқан заманның көшіне біз көп тілді игеру арқылы ғана ілесе аламыз. Сайып келгенде көп тілді меңгеру жаһандық талап болып отыр. Сондықтан, әрбір жас орыс, ағылшын, француз, қытай, жапон тілдерін үйренуге ықыласты болғаны абзал. Ол үшін жастарға ата-аналар мен ұстаздар қолдау білдіру керек. Әсіресе, ұстаздар қауымы оқушылардың ана тілге деген құрметімен қоса шет тіліне деген қызығушылығын арттырып отырса жөн. Бір жағынан шәкірттерге шет тілін игеру жарқын болашақтың кепілі екенін ұғындыру қажет. Мен де қазіргі уақытта шәкірттеріммен осындай мақсатта жұмыс істеудемін. Олар дәл қазір өте жас көрінгенімен алдағы уақытта барлығы бір-бір маман иесі атанады. Сол себепті болашақтың баспалдағын бүгін қалауға тырысып, ағылшын тілін жетік меңгеру үшін қолдан келген білімді үйретудемін. Өйткені, болашақта біздің еліміздің терең тарихын әрмен қарай түрлендіретін, шет тілдерін меңгеру арқылы әлемге танытатын жастар қауымы.
Салтанат АЙТБАЙ