Өнімі мол күзгі маусым
Бүгінде өңірдегі алқаптарда күзгі жиын-терін жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жоспар бойынша, күзгі дала жұмыстары қыркүйектің соңында аяқталады. Жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл егіс алқабы 37,4 мың гектарға ұлғайып, 1 468,9 мың гектарға жеткен.
– Жалпы, жыл сайын өңір тұрғындарының жалпы сұранысынан 7,5 есе көп картоп, 11,4 есе артық сәбіз өсіріледі. Өңірде сыйымдылығы 412 мың тонна болатын 141 қойма бар. Жыл соңына дейін 35 мың тонна картоп пен көкөністі сақтайтын 5 қойма пайдалануға берілмек. Сондай-ақ астық сақтайтын 257 қамба бар, – дейді басқарма басшысы Нұрболат Мақашев.
Ал қыс-көктем айларында картоп, сәбіз, басқа да өнімдер тапшылығы болмас үшін жиналған астықты, көкөністі сақтау маңызды. Сондықтан жергілікті шаруашылықтар тұрақтандыру қорын көкөністермен қамтамасыз ету бойынша алдын-ала меморандумдар жасауы қажет. Тіпті жергілікті шаруашылықтар арасында «сақтайтын қоймаң болмаса өнім өсіріп, жинамай-ақ қой» деген де ұстаным бар.
Биыл 778,3 мың тонна дәнді дақыл, 126,9 мың тонна майлы дақыл, 558,5 мың тонна картоп, 251,7 мың тонна көкөніс жинап алу жоспарланды. Осы уақытқа дейін 70,9 мың гектар жерден 66 мың тонна дәнді дақыл, 0,9 мың гектардан 23,9 мың тонна картоп, 0,33 мың гектар алқаптан 8,5 мың тонна көкөніс және 0,1 мың гектардан 3,5 мың тонна бақша өнімдері жиналған.
Егін жинау науқанына 2 206 трактор, 2 037 комбайн, оның ішінде 1 850 астық жинайтын комбайн, 721 дестелегіш және 1 255 трактор тіркемесі қатысуда. Алқаптарда Class, Vektor, «Есіл», John Deere маркалы заманауи комбайндар жүр.
Ертіс және Ақтоғай аудандарында гектарынан 12 центнерден өнім алынуда. Успен ауданында 18 мың гектар алқапқа қарақұмық егілсе, қазір, гектарынан 8 центнер өнім жиналуда. Минералды тыңайтқыштар жердің құнарлығын сақтауға өте қажет екені де белгілі. Биыл өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында субсидия ретінде 3,4 млрд теңге қаражат бөлінген. Ал Тереңкөл ауданындағы ASTYK PV ЖШС директоры Абай Оразымбетовтің айтуынша, суармалы алқап көлем 100 гектарға артқан. Өз қаражаттарына тамшылатып суару қондырғысын, ауыл шаруашылығына қажетті техника түрлерін сатып алған. Қазір 150 гектар жерге отырғызылған картоп жиналуда. Гектарынан 40 тоннаға жуық өнім алынуда. Картоп сұрыпталып, тазартылуда. Күзгі науқанға қатысуға келген 80 жұмысшыға жемшөп, картоп тегін берілсе, 30 адам уақытша еңбекпен қамтылған.
Бұл күндері облыста сыйымдылығы 301,3 мың тонна болатын 7 элеватор жұмыс істейді. Жаңа егіннің астығын қабылдауға және сақтауға 257 қойма (сыйымдылығы 890,1 мың тонна), 82 астық кептіру жабдығы (тәулігіне 1 651 тонна), 196 астық тазалауға арналған қондырғы, 409 қырман (тәулігіне 6 072 тонна) дайын. Картоп пен көкөністі сақтау үшін сыйымдылығы 408 мың тонна болатын 140 көкөніс сақтау қоймасы бар. Оның басым бөлігі заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған.
Қазір көкөнісі көпке танымал Павлодар ауданы, чернояркалық көкөнісші шаруашылықтардың картоп пен сәбізі жергілікті нарыққа жол тартып, тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы өніммен қамтамасыз етуде. Бір ғана Черноярка ауылдық аумағында 137 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 98-і – «Черноярский-2017» ӘКК құрамында. Корпорация басшысы Николай Надедовтің айтуынша, биыл егіс алаңына былтырғы көлемде көкөніс егіліпті. Атап айтсақ, 2 мың гектарға сәбіз, 600 гектарға жуық картоп, 100 гектардай қызылша, 70 гектарға пияз және 15 гектарға орамжапырақ тамыр жайған. Черноярка алқабындағы картоптың өнімділігі гектарына 250 центнер, көкөніс 280 центнерді құрап отыр. Әр шаруашылықтың қоймасы бар.
Соңғы үш жылдың ішінде Шарбақты ауданында да егістіктердің аумағы 150 мың гектардан 200 мың гектарға дейін ұлғайтылған. Жылдар бойы бос жатқан аумақтар ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Аудандағы «Победа» ЖШС алқаптарында дәнді дақылдардың гектарынан 10 центнерге дейін өнім жинауда. Күнбағыс та жақсы өнім беруде.
Сонымен бірге, астықты аудан саналатын Железинка ауданындағы «КАБ» ЖШС суармалы егіншілікпен айналысады. Картопты сақтау үшін сыйымдылығы 11 мың тоннаға дейін жететін қоймалар салып үлгеріпті.
– Әрине, ауданның инвестициялық тартымдылығы жоғары, – дейді серіктестік басшысы Т.Қабдолов. – Мемлекеттің қолдауымен шаруашылықтардың да даму мүмкіндігі бар. Яғни субсидия түріндегі мемлекеттік қолдауға әлеуметтік жауапкершілік бағытында өз өнімдерін өңірлік тұрақтандыру қорына тапсыра алады.
Ал аудандағы жемшөп қорын дайындайтын шаруашылықтар үшін жайылымдарды суландыру бойынша мемлекеттік қолдауға қарамастан өз алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін су асты көздерін табу қиын. Өйткені Ертіс өзені жағалауында мал өсіретін шаруаларға жайылым жері жетпейді. Жеке қосалқы шаруашылықтарды да жайылым жермен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Тұрғындардың айтуынша, ауылдың маңайындағы 9-10 шақырым жер жеке қосалқы шаруашылықтың мал жайылымына берілуі керек. Өйткені шаруа қожалықтары жерді мемлекеттік актімен иеленуде. Жерді заңды түрде алған олар өз жеріне өзгенің малын түсірмейді. Өзіне тиесілі аумақты қоршап алады.
Басқарманың мәліметінше, биыл жемшөптің бағасын тұрақтандыру мақсатында республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген. Ендігі мәселе – осы қаражатты жемшөп қорын әзірлейтін шаруашылықтарға субсидия ретінде үлестіру. Субсидияны берудің қағидаттары мен ережелері бекітіледі.
– Біздің облыста мал азығы тапшылығы болмауы керек. Мысалы, 4 мың тонна жанар-жағармай 20 пайызға дейін арзандатылды. Әр ауылда қанша тұрғын бар және қаншасы мал ұстайтынын зерттеп, қолданылмай жатқан жерлерді игеру бойынша бағдарлама әзірлеу қажет. Яғни жайылымды кім алады, шабындық жерді кім игереді? Сондай-ақ өңірде көпжылдық шөптерді бұрын өспеген жерлерде өсіру керек. Бұл бастаманы қанатқақты жоба ретінде бірнеше ауылға қолданамыз. Сонда жемшөп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де, жеке қосалқы шаруашылықтарға да жетеді, – деді күзгі-жиын терінге орай аудандарға барған сапарында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Ал өңірде қазан айынан бастап, жемшөп әзірлеушілер субсидия ала бастайды. Бұл шөптің бағасын реттеуге көмектеседі. Шаруашылықтар өздеріне қажетті жемшөпті әзірлеп алады. Жиналатын шөптің басым бөлігі жеке аулаларға да қажет екені белгілі. Сондықтан ауылдықтарға да көмектесіп, қора толы мал басының көбеюін де ұмытпаған жөн дейміз.
https://egemen.kz